Академик Аймақ Жанғалиұлы Жанғалиевтің туғанына 113 жыл толуына арналған конференция

02 сентября 2026,

2026 жылғы 14 тамызда Ботаника және фитоинтродукция институтының ғылыми қызметкерлері академик Аймақ Жанғалиев Жанғалиұлының туғанына 113 жыл толуына арналған Халықаралық ғылыми-практикалық конференцияға қатысты. Толығырақ...

Конференцияның тақырыбы: «Сиверс алмасы Жетісудың тарихи-мәдени және табиғи мұрасы контексінде: бірегей алып ағаштың тарихи және биологиялық құндылығы және оған «Ғылыми табиғи нысан – ұлттық игілік» мәртебесін берудің ғылыми негіздері».

Конференция академик А.Д. Жангалиевтің ғылыми және мәдени мұрасына, Сиверс алмасының биологиялық құндылығына, оның ішінде Жоңғар-Алатау мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің Лепсі филиалында өсіп тұрған бірегей алып ағашқа, сондай-ақ оған ұлттық игілік мәртебесін беру және Жетісу өңірінің тарихи-мәдени мұрасына назар аудару мәселелеріне арналды.

Конференция жұмысына ғалымдар, ботаника, экология, өсімдіктерді қорғау салаларының мамандары, өлкетанушылар, ұлттық парктердің қызметкерлері және табиғи әрі мәдени байлықтың символы саналатын бірегей Сиверс алмасының тағдырына бейжай қарамайтын азаматтар қатысты.

Конференция бағдарламасында академик туралы және аты аңызға айналған алып алма ағашы жайлы бейнероликтер көрсетілген салтанатты ашылу рәсімі, пленарлық баяндамалар, сондай-ақ «Сиверс алмасының генетикалық қорын сақтау» және «Жетісудың археологиялық және киелі мұрасы» атты екі ғылыми секция қарастырылды.

Ботаника және фитоинтродукция институтының атынан мынадай баяндамалар ұсынылды: Мұқан Г.С. (б.ғ.к.) – «Сиверстің алып алма ағашы Жетісудың тарихи-мәдени және табиғи бірлігінің тірі символы», Мурзатаева Т.Ш. (а-ш.ғ.к.) – «Тұқымдарды Ұлттық тұқым қорында ұзақ мерзімді сақтау».

Конференция өте қызықты әрі маңызды болды. Жетісудың табиғи, ғылыми және тарихи мұрасы ретінде Сиверс алмасының маңызы, оны сақтау, зерттеу және ұлттық мұра ретінде қорғау мәселелері кеңінен талқыланды. Сиверс алмасының табиғи популяциялары Жетісудың табиғи көрікті жерлерінің бірі ғана емес, сонымен қатар әлемдік маңызы бар Қазақстанның табиғи мұрасының бір бөлігі болып табылады.

Қатысушылар Ботаника және фитоинтродукция институтының жабайы жеміс өсімдіктерінің коллекциялық қорына да тиісті мәртебе берудің қажеттігін атап өтті.

Халықаралық конференция қорытындысы бойынша Сиверс алмасын сақтау және зерттеу, сондай-ақ өңірдің тарихи-мәдени мұрасын зерделеу жөнінде ұсынымдар қабылданды.

Табиғи популяцияларға тұрақты мониторинг жүргізу, генетикалық қорды in-situ және ex-situ жағдайында сақтау, аса құнды ағаштарды паспорттау және оларға «Ғылыми табиғи нысан – ұлттық игілік» мәртебесін беру жөніндегі ғылыми негіздемелерді әзірлеу ұсынылды.

Алма ормандарының генетикалық қауіпсіздігін қамтамасыз ету, биологиялық қорғау әдістерін дамыту және ұзақ мерзімді ғылыми бағдарлама әзірлеу, сондай-ақ академик Аймақ Жангалиевтің мұрасын жүйелеу жөнінде ұсыныстар берілді.

Тарихи-мәдени бағыт бойынша мемлекеттік қорғауға алынбаған нысандарды анықтау, петроглифтерді зерттеу және цифрландыру, Жетісудың жартас суреттерінің атласын әзірлеу және «Қасиетті Жетісу» экспедициясын ұйымдастыру ұсынылды.

Сонымен қатар «Мектеп – университет – өлкетанушылар» жүйесін және электрондық ғылыми-өлкетану қорын құру ұсынылды. «Жетісу өлкетанушылары орталығына» бастамаларды іске асыруға белсенді қатысу ұсынылып, қабылданған ұсынымдарды бейінді министрліктерге, облыс әкімдігіне және ғылыми ұйымдарға жолдау туралы шешім қабылданды.

   

Жіберілімге жазылыңыз