Иван Иванович Ролдугиннің 100 жылдығына арналған дөңгелек үстел

06 мая 2026,

4 мамыр күні, Жеңіс күні қарсаңында, Ботаника және фитоинтродукция институтында Ұлы Отан соғысының ардагері, биология ғылымдарының докторы, профессор Иван Иванович Ролдугиннің туғанына 100 жыл толуына арналған дөңгелек үстел өтті. Толығырақ...

Іс-шараға Институт қызметкерлері, оның шәкірттері мен әріптестері қатысты. Бұл күні қатысушылар тек И.И.Ролдугинді ғана емес, сондай-ақ ботаникалық бақтың барлық ардагер қызметкерлерін еске алды. Олардың әрқайсысы Жеңісті жақындатуға өз үлесін қосып, соғыстан кейінгі жылдары ғылымға қызмет етуді жалғастырды.

Қатысушыларға құттықтау сөзбен Ботаника және фитоинтродукция институтының бас ғылыми хатшысы Саметова Эльмира Сайлаухановна сөз сөйледі.

Одан әрі «И.И.Ролдугиннің өмір жолы мен ғылыми мұрасы» тақырыбында баяндама-презентациямен оның шәкірті, геоботаника зертханасының жетекші ғылыми қызметкері А.В. Кердяшкин таныстырды.

Бағдарламаның жалғасында қатысушыларға Иван Иванович Ролдугин туралы деректі фильм ұсынылды. Фильмде оның майдандағы жылдары мен кәсіби қызметі жайлы сұхбаттардан үзінділер қамтылды. Көрсетілімнен кейін әріптестері, шәкірттері мен достары ғалым туралы естеліктерімен бөлісіп, оның ботаника ғылымының дамуына қосқан үлесін және адами қасиеттерін атап өтті.

Дөңгелек үстел соңында И.И.Ролдугиннің ғылыми еңбектері мен көркем жұмыстарынан тұратын көрме-экспозиция ұйымдастырылды.

 

 

 

Жіберілімге жазылыңыз