«Көгалдандыру мәселелеріне ғылыми көзқарастар, заманауи мәселелер және оларды шешу жолдары» атты дөңгелек үстел

11 июня 2024,

2024 жылғы 7 маусымда Алматыда Қазақстан Республикасының Экология және абиғи ресурстар министрлігі, Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті және «Ботаника және фитоинтродукция институты» РМК ұйымдастырған «Көгалдандыру мәселелеріне ғылыми көзқарастар, заманауи проблемалар және оларды шешу жолдары» атты дөңгелек үстел өтті. Толығырақ…

Біздің институттың ғылыми қызметкерлері Қазақстан қалаларын көгалдандыру бойынша ұсыныстар әзірлеуде және бұл саладағы барлық мәселелерден хабардар. Сондықтан да біздің институт Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігінің басшылығымен абаттандыру мәселесінде қордаланып қалған мәселелерді талқылап, шешу жолдарын қарастыру мақсатында осы шараны ұйымдастыруға ұйытқы болды. Дөңгелек үстелдің басты мақсаты – Қазақстанның қалалары мен елді мекендерін жасылдандыру мәселелерін шешуге бірінші кезекте мемлекеттік органдарды тарту.

Қазақстан Республикасының Экология және табиғи ресурстар министрі Нысанбаев Ерлан Нұралыұлы, б.ғ.д., профессор, «Микробиология және вирусология ғылыми-өндірістік орталығы» ЖШС басқарма төрағасы Саданов Аманкелді Құрбанұлы құттықтау сөз сөйледі. Ботаника және фитоинтродукция институтының бас директоры Ситпаева Г.Т. «Қазақстан Республикасының қалалары мен елді мекендерін жасылдандырудың проблемалық мәселелері және оларды шешу жолдары» тақырыбында негізгі баяндама жасады. Баяндамада ҚР қалалары мен елді мекендерін көгалдандыруда мамандандырылған ғылыми мекемелер әзірлеген және ұсынған ассортименттерді елемеу, сапасыз материалын отырғызу, отырғызу мен күтімнің агротехникалық нормаларын сақтамау, санитарлық, жасартатын кесінділер мен жасыл қорды жаңартуға кәсіби емес көзқарас және т.б. мәселелер айтылды. Сондай-ақ, ТКШ және мердігерлік ұйымдарда жұмыс істейтін кәсіпқойлардың болмауы өсімдіктерді отырғызу, күту.

Дөңгелек үстелге жеке және сырттай Қазақстан, Ресей, Әзірбайжан және Өзбекстанның 19 кәсіпорындары мен мекемелерінен мемлекеттік қызметкерлер, ғалымдар мен коммерциялық құрылымдардың өкілдері қатысты. Қалаларды көгалдандыру үдерісіне атсалысатын түрлі мамандардың 20 баяндамасы тыңдалды.

Жасыл аумақтардың орман патологиялық жағдайы талқыланды және қаланы көгалдандырудың қазіргі жағдайы бағаланды, жасыл желектерді түгендеу және цифрландыру мәселелері, бірыңғай түгендеу әдістемесін және жасыл екпелердің электрондық деректер базасын (тізілімін) құру қажеттілігі, ҚР мен елді мекендерін абаттандыру үшін өсімдік ассортиментін таңдауға ғылыми көзқарастың маңыздылығы, отырғызу материалдарының мемлекеттік стандарттарын қабылдау қажеттілігі, питомниктерге қойылатын талаптарды күшейту, кәсіпорындарды таңдау процесіне өзгерістер енгізудің маңыздылығы, көгалдандыру жұмыстарының сапасына бақылауды күшейту, көгалдандыруды жоспарлау туралы айтылды.

Дөңгелек үстелдің барлық қатысушылары қаланы сапалы абаттандыру үшін күш-жігерді біріктірудің, өсімдіктердің тұрақты, ғылыми негізделген ассортиментін дамытудың ғылыми-техникалық бағдарламасын, сондай-ақ екпелерді қорғау әдістерін әзірлеудің маңыздылығын атап өтті. Дөңгелек үстел – көгалдандыру саласындағы мамандардың, мемлекеттік органдар мен коммерциялық кәсіпорындардың өкілдері арасындағы қарым-қатынастың үздік дәстүрлерін жалғастыратын маңызды ғылыми-тәжірибелік іс-шара.

Дөңгелек үстелдің қабылданған қарары Ботаника және фитоинтродукция институтының сайтында жарияланады.

                

Жіберілімге жазылыңыз