2026 жылғы 15 қыркүйекте Ботаника және фитоинтродукция институтында Өсімдік ресурстары зертханасының 70 жылдығына арналған Дөңгелек үстел өтті. Толығырақ...
Мерейтойлық іс-шара Ботаника және фитоинтродукция институтының бас директоры, б.ғ.д, ҚР ҰЖҒА академигі Ситпаева Гүлнара Токбергенқызының алғы сөзімен басталды.
«Ботаника және фитоинтродукция институтының Өсімдік ресурстары зертханасы: Қазақстанның ботаника ғылымына 70 жыл қызмет» атты баяндама-презентацияны Өсімдік ресурстары зертханасының меңгерушісі, б.ғ.д, профессор Гемеджиева Надежда Геннадьевна ұсынды. Ол 1981 жылғы 15 қыркүйекте Өсімдік ресурстары зертханасының қызметкері атанып, 2026 жылғы 15 қыркүйекте осы зертханадағы еңбек қызметінің 45 жылдығын атап өтті.
Баяндаманың жалғасы интродукциялық зерттеулердің тарихы мен нәтижелеріне арналды. Бұл бағыт бойынша ғ.қ. Рамазанова М.С. баяндама жасады.
Өсімдік ресурстары зертханасы академиялық базаның қалыптасу кезеңінен бастап ботаникалық ресурстану және табиғатты ұтымды пайдалану саласындағы мойындалған сараптамалық орталыққа дейінгі даңқты жолдан өтті.
Ботаникалық ресурстану зерттеулерінің негізгі жетістіктері – ғылымға қосқан іргелі үлес, дәстүрлер мен ұрпақтар сабақтастығы және практикалық маңыздылық. Ботаник-ресурстанушылар жүргізіп отырған зерттеулер еліміздің экологиясы, фармациясы, экономикасы және биоалуантүрлілікті сақтау үшін аса маңызды.
Зертхана мен институт ардагерлері, достары, әріптестері мен қонақтары – Терлецкая Н.В., Айдарбаева Д.К., Веселова П.В., Шадманова Л.Ш., Иващенко А.А., Нелина Н.В., Айтжанов Е., Самойлова В.А. және тағы басқалар – жылы әрі қызықты естеліктерімен бөлісіп, мерекелік құттықтауларын айтып, ізгі тілектерін білдірді.
Өсімдік ресурстары зертханасының ғылыми еңбектерінің көрмесі ұйымдастырылды. Көрме «Қазақстандағы ботаникалық ресурстану зерттеулерінің қорытындылары мен перспективалары: Өсімдік ресурстары зертханасының 70 жылдығына орай» деп аталды.
Өсімдік ресурстары зертханасына алдағы уақытта да толағай табыс, ауқымды жаңа жобалар, мол қаржыландыру және жоғары деңгейдегі мойындалу тілейміз! Ал зертхананың әрбір қызметкеріне зор денсаулық, шығармашылық шабыт, кәсіби ғұмырдың ұзақтығын және жаңа ғылыми жаңалықтар тілейміз!