Бүгін, 15 қарашада Бас Ботаникалық баққа келушілердің сүйіктісі болған аққуларымыз қысқы жылы павильондарға көшті. Толығырақ…
Ерте көктемнен кеш күзге дейін жұп аққу баршаның назарын солтүстік партердегі тоғанға аударды. Ботаникалық бақтың бірде-бір қонағы айбынды құстарды жақыннан көріп, суретке түсу мүмкіндігін қалт жібермеген. Суық ауа райының басталуымен аққуларды көктемге дейін тұратын қысқы үйшіктерге көшіру уақыты келді.
Тоғанның басқа тұрғындары - балықтар былтырғыдай тоғанда қыстайды. Суық мезгілде олар белсенді болуды тоқтатып, қысқы ұйқыға кетеді. Тоғандарда олар үшін тұрақты аэрация жұмыс істейді. Біз балықтар мен аққуларға оңай қыстауды тілейміз және көктемде жаңа кездесулерді күтеміз!