Аққулар ботаникалық баққа қайта оралды

29 марта 2024,

Достар, бізде керемет жаңалық! Аққуларымыз аман-есен қыстап, оларды қайтадан ботаникалық баққа қайтардық. Толығырақ…

Күздің басына дейін айбынды да сымбатты құстардың сұлулығын көріп, ләззат аласыз.

Және тағы да үй жануарларына қамқорлық жасауларыңызды сұраймыз! Естеріңізге сала кетейік, аққулар мен балықтарды тамақтандыруға ТЫЙЫМ САЛЫНАДЫ!

Ботаникалық бақтағы балықтар мен аққуларды күтіп-бағуға және азықтандыруға осы мақсатқа арнайы алынған кәсіпқойлар компаниясы жауапты. Күнделікті қажеттілікпен қатаң рацион есептелді. Оларға қажетті заттардың барлығын мамандар дер кезінде және қажетті мөлшерде береді. Бақыланбайтын мөлшердегі зиянды тағам аққулар мен балықтардың денсаулығына байланысты проблемаларға әкелуі мүмкін.

Жіберілімге жазылыңыз