2023 жылдың 12-17 қаңтар аралығында «Ботаника және фитоинтродукция институты» РМК ғылыми қызметкерлері дәрістерді тыңдады. Толығырақ…
Ботаника және фитоинтродукция институты Жоғары өсімдіктер флора зертханасының жетекші ғалымы, М.В. Ломоносов (Мәскеу, Ресей) атындағы Мәскеу мемлекеттік университетінің биология факультетінің генетика кафедрасының доценті, б.ғ.д. Синюшин Андрей Андреевич «Биостатистика негіздері» тақырыбында дәрістерін оқыды. Институт қызметкерлері статистиканың негізгі ұғымдарымен және биологиялық мәліметтерді талдау үшін қолданылатын кейбір әдістермен танысты. Сипаттамалық статистикаға, айырмашылықтардың маңыздылығын талдау әдістеріне, корреляцияға және сандық мәліметтерді графикалық түрде көрсетуге ерекше назар аударылды.