2023 жылдың 16 ақпанында «Ботаника және фитоинтродукция институты» РМК ғылыми қызметкерлері өсімдік ресурстары зертханасының а.ғ.қ. Иван Андреевич Рыбаковтың «Ботаникалық карта жасау негіздері» тақырыбына дәрістерін тыңдады. Толығырақ…
Институт қызметкерлері картографияның негізгі ұғымдарымен, зерттеуге арналған тақырыптық карта-иллюстрацияларды құрастырудың негізгі принциптерімен және ғылыми жұмыста зерттеудің картографиялық әдісін қолдану негіздерімен танысты.
Ботаникалық карталарды құрастыру кезінде біртұтас авторлар ұжымының құрамында әртүрлі мамандардың – ботаник пен картографтың өзара әрекетіне ерекше көңіл бөлінді.