28 наурыз күні «Жасыл Рейнджер Клубы» табиғатты сүйетіндер мен белсенді қала тұрғындарын кезекті лекцияға жинады. Қонақ спикер ретінде экоблогер, RecycleBirge экологиялық қозғалысының ұйымдастырушысы Камила Акимбекова шақырылды. Бұл жолы біз теория мен өсімдіктер туралы ғылым аясынан шығып, қоршаған ортаға әсер ететін күнделікті экологиялық шешімдерге кеңірек қарауды жөн көрдік. Толығырақ...
Кездесу барысында экологиялық әдеттердің тек қаржы мен уақытты үнемдеуге ғана емес, сонымен қатар табиғи ресурстарды сақтауға және табиғи жүйелерге нақты әсер ететіні талқыланды. Күнделікті өмірде ресурстарды тұтынуды азайту жолдары қарастырылып, экологиялық өмір салтының мәні түсіндірілді. Сонымен қатар әр адамның жеке әрекеттерінің жасыл аймақтарды, оның ішінде ботаникалық бақты сақтауымен байланысы қозғалды.
Қатысушылар белсенді түрде сұрақ қойып, өз тәжірибелерімен бөлісті, бұл кездесуді мазмұнды әрі пайдалы етті.
Бұл лекция Ботаника және фитоинтродукция институтының қалада экологиялық мәдениетті қалыптастыру және қалалық ортаның тұрақты дамуына бағытталған жүйелі жұмысының бір бөлігі болып табылады. Іс-шара «Таза Қазақстан» бастамасы аясында өтті.