Сіз макарон ағашының бар екенін білесіз бе? Бірден макарон әуесқойларына айтайық - макарон онда өспейді. Ағаш спагеттиге ұқсайтын тұқымдары бар ұзын қораптарға байланысты макарон деп аталды. Пілдің құлағы сияқты үлкен, жүрек тәрізді жапырақтары болғандықтан оны «Піл құлақтары» деп те атайды. Америкада өсімдікке «Үнді бұршақ ағашы» немесе «сигар ағашы» атаулары бекітілді. Толығырақ…
Шын мәнінде, бұл ежелгі тропикалық ағаш Катальпа (лат. Catalpa) деп аталалы Бигнониевтер (лат. Bignoniaceae) тұқымдасының өсімдіктер тұқымы. Ол реликт болып саналады, өйткені оның қалдықтары палеоцен қабаттарынан табылған - кайнозой дәуірінің бірінші кезеңі. Катальпаның отаны - Қытай, ол жерден өсімдіктер Жапония мен Солтүстік Америкаға тарады. Катальпа керемет тәжін құрайтын және тіпті күзде сарғаймайтын қалың жапырақтармен ерекшеленеді. Гүлдену кезеңінде ағаш орхидея гүлдеріне ұқсас әдемі гүлдердің үлкен гүлшоғырларымен жабылады. Біздің ботаникалық бақта катальпаның 5 түрі өседі. Ағаш алғаш рет 1950 жылы отырғызылған. Оның бір түрі - жұмыртқа тәрізді катальпаны келішілер солтүстік кіреберіс павильонының жанында көре алады.
Үндістер катальпаны безгек пен көкжөтелді емдеу үшін дәрілік өсімдік ретінде пайдаланды. Өсімдіктің қабығы тұтқыр, антигельминтикалық және диуретикалық әсерге ие және ас қорытуға жақсы әсер ететіні белгілі. Ол сондай-ақ антибронхиалды, жараларды емдеуге және бактерияға қарсы қолданылады. Таниндердің көп болуына байланысты катальпа жапырақтары мен қабығы косметикалық маскалар, сусабындар, жақпа және кремдер жасауда қолданылады. Катальпа гүлдерінің иісі керемет хош иіс болып саналады және парфюмерия өндірісінде белсенді қолданылады, ал ағаштың эфир майлары терідегі тітіркенуді басады және тері құрғауын жояды.