Шеберлік сабақ «Тұқымдар өмірде қандай көрінеді?»

16 марта 2022,

12 наурызда Бас Ботаникалық баққа ботаника әуесқойлары тағы да жиналып, «Тұқымдар өмірде қандай көрінеді?» атты шеберлік сабағына қатысты. Толығырақ…

Шеберлік сабақта қатысушылар Тұқым шаруашылығы және өсімдіктерді қорғау зертханасы ғалымдарының жұмысын тамашалауға, өздерін ғалым ретінде сынауға, сондай-ақ Тұқым банкінің экскурсиясына баруға бірегей мүмкіндік алды. Шеберлік сабағын осы зертхана меңгерушісі Мурзатаева Таңсара Шаяхметқызы жүргізді. Шеберлік сабағы мен экскурсия барысында Таңсара Шаяхметқызы Тұқым банкінің не үшін құрылғанын айтып берді, тұқымдарды сақтауға дайындаудың барлық кезеңдерін көрсетті, салқындату және кептіру камераларын көрсетті, сонымен қатар әртүрлі өсімдік тұқымдарының коллекциясын көрсетті, олардың кейбір үлгілері екінші дүниежүзілік соғыс кезінде жинақталған.
Қазақстанның табиғи флорасының тұқым банкі 2013 жылы құрылды. Оның басты міндеті – елдің жабайы флорасының генетикалық алуан түрлілігін сақтау. Бүгінгі күні тұқым қорында 4438 үлгі және 970 өсімдік түрі бар. Тұқым банкі азық-түлік қауіпсіздігіне жауап береді және Қазақстанның сақтандыру қоры болып табылады.

                  ​​​​​​
Тұқым банкінің кезекті экскурсиясы 2 сәуірге жоспарланған. Шеберлік сабаққа қатысу үшін +7 708 973 27 57 телефоны арқылы алдын ала жазылу қажет. Орындар шектеулі.
Жасы: 9+.
Құны: кіру билетін қосқанда ересектерге – 4500 теңге, балаларға – 4000 теңге.
Жиналу орны: Тимирязев көшесі жағынан солтүстік кіреберіс павильоны.

 

Жіберілімге жазылыңыз