Өткен сенбіде ботаникалық бақта «Гербарийді қалай кептіруге болады» атты шеберлік сабағы өтті. Толығырақ…
Жоғары өсімдіктер флорасы зертханасының ғылыми қызметкері Білібаева Ботагөз Құрманбекқызы ботаниктердің экспедицияларда өсімдіктерді қалай жинайтыны, арнайы технология бойынша үлгілерді қалай іріктеу және кептіру, гербарийлерді жобалау және жасау ережелері туралы айтып берді, сонымен қатар институтымыздың кептірілген өсімдіктері топтамасының үлгілерін көрсетті. Ботаника және фитоинтродукция институтының гербарий қоры 1941 жылы құрылған және қазіргі уақытта 259 мың өсімдік үлгілерін қамтиды.
Шеберлік сыныбына қатысушылар жаңа білім алып, өздерін нағыз ботаник ретінде сезінді, гербарийлерін құрастырып өздерімен бірге ала кетті. Әрбір жұмыс бір біріне ұқсамайды!
Естеріңізге сала кетейік, 26 ақпанда ботаникалық бақта «Саңырауқұлақтар әлеміне саяхат», 6 наурызда «Тұқымдар өмірде қалай көрінеді?» шеберлік сабақтар өтеді. Шеберлік сабақтарына +7 708 973 27 57телефоны арқылы жазыла аласыз. Қатысушылардың жасы: 7+