Қазақстан ғылым қызметкерлері күніне арналған шеберлік сыныбы

10 апреля 2023,

Сәуірдің 8-і күні Бас ботаникалық бақта алдағы Қазақстан ғылым қызметкерлерінің күніне орайластырылған балалар шеберлік сыныбы өтті. Толығырақ…

Осы күнге арнайы «Жасыл ғылым» білім беру бағдарламасын дайындадық. Шеберлік сыныбы аясында мектеп оқушылары ғалымдардың кәсібі және олардың қажырлы еңбегі туралы білді, өсімдіктермен олардың өмірінің маңызды элементтерін көрсететін қарапайым қызықты эксперименттер жасады және шеберлік сабағынан кейін ботаникалық бақты аралап, осы уақытта әртүрлі өсімдіктерде табиғаттың қандай құпия механизмдері қатысатынын көрді.

«Ботаника және фитоинтродукция институты» ШЖҚ РМК қызметінің маңызды бөлігі білім беру және ғылымды насихаттау болып табылады. Сондықтан ботаникалық бақта мектеп оқушыларына арналған танымдық шеберлік сабақтары тұрақты түрде өткізіліп тұрады. Бізде қазірдің өзінде тұрақты қатысушылар - жас ботаниктер бар, олар біздің сабақтарымыздың арқасында әр жолы ботаника, қоршаған әлем туралы көбірек біліп, табиғатқа ғашық болады. Алдағы уақытта бүлдіршіндердің біразы болашақ кәсіптерін биология ғылымымен байланыстырып, ғалымдардың қатарына қосылса екен деген ойдамыз.

                

Жіберілімге жазылыңыз