Демалыс күндері шеберлік сабақтары

07 февраля 2022,

Біз өсімдіктер әлемін зерттеу бойынша оқу шеберлік сабақтарының сериясын бастаймыз. Енді оларға балалар ғана емес, ересектер де қатыса алады. Ботаникалық бақтың авторлық шеберлік сабақтары әрбір қатысушыға жаңа білім, қызықты тәжірибе және ұмытылмас әсерлер береді! Толығырақ…

Ғалымдарымыз өз білімдерімен бөліседі, саңырауқұлақтардың, гербарийлердің бірегей коллекцияларын, сондай-ақ еліміздегі бірден-бір стратегиялық маңызды нысан – Қазақстанның табиғи флорасының Тұқым банкін көрсетеді.
Шеберлік сабақтардың бағдарламасында:
1. Гербарийді қалай кептіруге болады
- гербарий дегеніміз не, оны жасау және құрастыру ережелері;
- ботаниктердің гербарийлерді қалай жинайтынын біле аласыз;
- Ботаника және фитоинтродукция институтының гербарий үлгілерін көре аласыз;
- гербарий үлгісін жасап, өзіңізбен бірге жасаған керемет үлгіні сыйлыққа алысыз.
Күні мен уақыты: 19 ақпан, 11:00.
Құны: кіру билетін қосқанда ересектерге – 3450 теңге, балаларға– 3000 теңге.
Өтетін орны: Атакент көрме кешені жағынан батыс кіреберіс павильоны.
2. Саңырауқұлақтар әлеміне саяхат
- кептірілген саңырауқұлақтар топтамасын қараңыз;
- жеуге жарамды саңырауқұлақтарды улыдан ажыратуды үйрену;
- саңырауқұлақтардың құрылысын қарастыру және зерттеу.
Күні мен уақыты: 26 ақпан, 11:00.
Құны: кіру билетін қосқанда ересектерге – 3450 теңге, балаларға– 3000 теңге.
Өтетін орны: Атакент көрме кешені жағынан батыс кіреберіс павильоны.
3. Тұқымдар өмірде қандай көрінеді?
- тұқым қорына экскурсия;
- Тұқым банкі не үшін құрылды, ел үшін не маңызды екенін анықтау;
- тұқым зертханасына бару;
- ғалымдардың еңбектерімен танысу;
- тұқымдық материалды таңдауды үйрену.
Күні мен уақыты: 6 наурыз, 11:00.
Құны: кіру билетін қосқанда ересектерге – 4450 теңге, балаларға – 4000 теңге.
Жиналу орны: Тимирязев көшесі жағынан солтүстік кіреберіс павильоны.
Шеберлік сабақтары +7 708 973 27 57 телефоны бойынша жазылу арқылы ғана жүргізіледі.
Шеберлік сабаққа қатысушылардың жасы: 7+.

Жіберілімге жазылыңыз