Ғылым қызметкерлері күніне арналған іс-шара

12 апреля 2025,

12 сәуір – Қазақстанда ғылым қызметкерлері күні. Дата кездейсоқ таңдалған жоқ: дәл осы күні көрнекті геолог, Қазақ КСР Ғылым академиясының тұңғыш президенті Қаныш Имантайұлы Сәтбаев дүниеге келді. Толығырақ...

 

Бір күн бұрын, 11 сәуірде ҚР Президенті жанындағы Ұлттық ғылым академиясында Ғылым қызметкерлері күніне арналған салтанатты шара өтті. Шақырылған қонақтардың арасында Ботаника және фитоинтродукция институтының ғылыми қызметкерлері болды. Шара барысында ғылыми қауым өкілдерін құттықтап, құрмет грамоталары мен марапаттары табыс етілді.

Алғыс хат грамотасымен Жанғалиев атындағы генофондты қорғау және жеміс өсімдіктерін енгізу зертханасының меңгерушісі, б.ғ.к.Мұқан Г.С., дендрология зертханасының меңгерушісі Есжанова А.С., жғқ, б.ғ.к. Құрмантаева А.А., жғқ, х.ғ.к. Қаржаубекова Ж.Ж., жғқ Масалова В. А., жғқ Эпиктетов В.Г., инженер Датхабаева Б.Т. Құрмет грамотасымен зертхана меңгерушісі, б.ғ.к. Нұрашов С.Б, жғқ, б.ғ.к. Пермитина В.Н., жғқ, б.ғ.к. Исламгулова А.Ф. марапатталды. Жғқ, б.ғ.к.Грудзинская Л.М. Қаныш Сәтбаевтың 125 жылдығына орай ҚР ҰҒА мерейтойлық медалімен марапатталды.

Біздің ғалымдар өз жетістіктерін ғылыми жетістіктер көрмесінде ұсынды. Ботаника және фитоинтродукция институтынан бағдарламалық-нысаналы қаржыландыру бойынша ғылыми-техникалық бағдарламаларды орындау шеңберінде соңғы жылдары шығарылған ғылыми еңбектер жинағы ұсынылды, бұл әріптестердің үлкен қызығушылығын тудырды, сондай-ақ Сиверс алма ағашының клон сорттарынан алынған сидр үлгілері және Қазақстанның дәрілік өсімдіктерінен дайындалған эфир майларының үлгілері ұсынылды.

Сондай-ақ, іс-шара аясында Ғылым Академиясының тұңғыш Президенті - Қаныш Имантайұлы Сәтбаевты еске алуға арналған сакура отырғызу акциясы өтті. Ботаника және фитоинтродукция институтының қызметкерлері сакураларды отырғызу бойынша эскиздік ұсыныс жасап, осы акцияны ұйымдастыруға тікелей қатысты. 

"Алматыда алғашқы сакураны көрнекті ғалым Сәтбаевтың құрметіне жапондық делегация Ғылым Академиясының аумағына отырғызды. Бүгін Ғылым Академиясының тұңғыш Президентін еске алу және Қазақстан мен Жапония арасындағы достыққа құрмет ретінде сакура отырғызылды. Бұл акция біздің ғылым академиямыздың жандануының символына айналады. 

Отырғызылған "Канзан" сорты - Алматы жағдайында ең төзімді, сондай-ақ өте сәндік күлгін гүлшоғыры бар, ыстыққа төзімді және аязға азды - көпті төзімді", - деп атап өтті Ботаника және фитоинтродукция институтының бас директоры, биология ғылымдарының докторы Ситпаева Гүлнара Тоқбергенқызы құттықтау сөзінде.

Барлық ғалымдарды кәсіби мереке — Ғылым қызметкерлері күнімен құттықтаймыз! Сізге зор денсаулық, шығармашылық ынта, тұрақтылық, пікірлестерге қолдау және ғылым мен қоғамның игілігі үшін жаңа жетістіктер тілейміз!

                     

Жіберілімге жазылыңыз