Бас Ботаникалық бақта «Отбасы күніне» арналған іс-шаралар

09 сентября 2024,

Қыркүйектің екінші жексенбісінде Қазақстанда «Отбасы күні» атап өтіледі. Осы мерекеге орай іргелі отбасылық құндылықтарды сақтауға, отбасы институтын нығайтуға және өскелең ұрпақты рухани-адамгершілікке тәрбиелеуге бағытталған түрлі іс-шаралар өткізілуде. Толығырақ…

Бас Ботаникалық бақта ата-аналар мен балалар, ата-әжелер мен немерелер, жас жұбайлар қатысатын шеберлік сабақтары, экскурсиялар, ғылыми-көпшілік дәрістер, кітап клубтары тұрақты түрде өткізіліп тұрады. Біз балаларға да, ересектерге де қатысуға қызықты болатындай іс-шаралар бағдарламасын жасаймыз.

«Отбасы күніне» орай, қыркүйек айы бойы, әр жексенбіде сағат 11:00-де «Сүю үшін білу» білім беру жобасы аясында біз ботаникалық бақ көрмелері бойынша отбасылық интерактивті экскурсияларды жоспарлап отырмыз. Бұл жақын адамдарыңызбен ашық ауада уақыт өткізудің, табиғаттың сұлулығынан ләззат алудың және бірге ұмытылмас сәттерді жасаудың бірегей мүмкіндігі.

Интерактивті экскурсиялар кестесі:

15 қыркүйек - «Күн шыққан жерде» экскурсиясы

22 қыркүйек – «Еуропаға жасыл терезе» экскурсиясы

29 қыркүйек – «Сібір – ғажайып ел» экскурсиясы.

Құны: балалар 4027,20 теңге, ересектер 4374,20, кіру билетін қосқанда

Кездесу орны: Солтүстік кіреберіс павильоны (Тимирязев к-сі, 36д, к.2)

+7 708 970 58 66 телефон арқылы жазылу.

 

Жіберілімге жазылыңыз