Сиверс алма ағашына арналған іс-шаралар

06 мая 2026,

Ботаника және фитоинтродукция институттың қызметкерлері Сиверс алмасына арналған іс-шараларға қатысты. Толығырақ...

1 мамыр күні Талдықорған қаласында «VISIT ZHETYSU» жобасы аясында «Сиверс алмасы – табиғи мұра және экологиялық туризм әлеуеті» тақырыбында ғылыми-практикалық дөңгелек үстел өтті.

2 мамыр күні қызметкерлеріміз Сарқан ауданының Тополевка ауылында өткен «Сиверс алмасының гүлдеуі» фестиваліне қатысты. Іс-шараны Жоңғар-Алатау мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің ұжымы, директор Марат Нұрғазыұлы Қабиевтің жетекшілігімен ұйымдастырды.

Пленарлық отырысқа жетекші ғылыми ұйымдардың өкілдері қатысты: Институт ботаника және фитоинтродукция, І. Жансүгіров атындағы Жетісу университеті, Зоология институты, Өсімдіктерді қорғау және карантині Қазақ ғылыми-зерттеу институты, Есік дендрологиялық паркі және басқа да мекемелер.

Біздің институттан баяндама жасағандар: А.Д. Жанғалиев атындағы жеміс өсімдіктерінің генқорын сақтау және интродукциялау зертханасының меңгерушісі, биология ғылымдарының кандидаты Мұқан Гауһар Сейсенбекқызы. Оның баяндамасының тақырыбы: «Жоңғар Алатауы тауларынан іріктелген Сиверс алмасының сорт-клондары: зерттеу, сақтау және пайдалану перспективалары». Сондай-ақ молекулалық-генетикалық талдау зертханасының меңгерушісі, PhD Шадманова Лаура Ш. «Жетісу Алатауының Сиверс алмасы популяцияларының онтогенетикалық құрылымы мен генетикалық әртүрлілігі» тақырыбында баяндама жасады.

Фестиваль аясында Мұқан Г.С., Курмантаева А.О. және Шадманова Л.Ш. қарағай көшеттерін отырғызу акциясына қатысып, «Қойтас» аумағындағы Сарқан ауданының туристік әлеуетімен танысты және «Осиновое» кордонында Сиверс алмасының ең көркем гүлдейтін орындарының біріне барды.

Институт ботаника және фитоинтродукция жанындағы Сиверс алмасын зерттеу және сақтау орталығы осы бірегей табиғи мұраны зерттеу, сақтау және тиімді пайдалану бағытындағы жұмыстарын белсенді түрде жалғастыруда.

Жоңғар-Алатау мемлекеттік ұлттық табиғи паркі директоры мен бүкіл ұжымына дөңгелек үстел мен фестивальді жоғары деңгейде ұйымдастырғаны үшін алғысымызды білдіреміз! Фестиваль ғылымды, мәдениетті, ұлттық дәстүрлерді және туған өлкенің табиғатына деген шынайы сүйіспеншілікті біріктірген маңызды алаңға айналды.

 

 

Жіберілімге жазылыңыз