21 наурыз – Халықаралық орман күні! Бұл күннің басты мақсаты – орманды сақтау мәселесіне назар аудару, орман экожүйелерінің маңыздылығы, олардың шынайы жағдайы, оларды қорғау мен қалпына келтірудің негізгі шаралары туралы ақпарат беру. Толығырақ…
2024 жылғы Халықаралық ормандар күнінің тақырыбы – «Ормандар және инновациялар: жақсырақ әлем үшін жаңа шешімдер». Ормандардың жойылуымен күресу жаңа технологияларды қажет етеді. Жыл сайын 10 миллион гектар орман - орманды кесу салдарынан және шамамен 70 миллион гектар орман өрттен жоғалып жатқандықтан, өртті ерте хабарлау жүйесінде, заңсыз ормандарды кесуді анықтауда және орманды қалпына келтіруде инновация қажет.
Қазақстанда ормандар салыстырмалы түрде шағын аумақты алып жатыр – елдегі орман жамылғысы небәрі 5% құрайды. Ормандар төрт негізгі түрге бөлінеді: орманды дала және дала зоналарының ормандары, таулы ормандар, тоғай және сексеуіл ормандары. Қазақстанда орманды қорғауды орман шаруашылығы мекемелері мен ерекше қорғалатын табиғи аумақтар қамтамасыз етеді.
Ботаника және фитоинтродукция институтының құрамына кіретін Бас Ботаникалық бақ та ерекше қорғалатын табиғи аумақ мәртебесіне ие. Институт Қазақстан флорасының өсімін молайту, сақтау, қорғау мәселелері бойынша зерттеулер мен ғылыми әзірлемелерді жүргізеді. Осылайша, институт қызметкерлері қазіргі уақытта жергілікті флораға негізгі биологиялық қатерлердің бірі ретінде танылған аса қауіпті инвазивті өсімдіктер түрлерін анықтау бойынша ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізді. Бөтен өсімдік түрлерінің алдын алу және оларға қарсы күрес бойынша ұсыныстар әзірленді. Сондай-ақ институт Қазақстан Республикасының жаһандық бірегей жабайы жеміс өсімдіктерін - Сиверс алма және кәдімгі өрік ағаштарын зерттеуге және сақтауға, табиғатта тиімді қалпына келтіруге, Сиверс алма ағашының генофондының ел үшін де, бүкіл әлем үшін бірегейлігі мен маңыздылығын ашуға бағытталған кешенді зерттеулер жүргізеді.