21 наурыз – Халықаралық орман күні. Бұл күн қоғамның назарын орманды сақтау мәселесіне аудару, орман экожүйелерінің маңыздылығы, олардың шынайы жағдайы, оларды қорғау мен қалпына келтірудің негізгі шаралары туралы ақпараттандыру мақсатында құрылды. Толығырақ...
Қазақстанда орманды қорғауды орман шаруашылығы мекемелері мен ерекше қорғалатын табиғи аумақтар қамтамасыз етеді. Ботаника және фитоинтродукция институтының құрамына кіретін Бас Ботаникалық бақ та ерекше қорғалатын табиғи аумақ мәртебесіне ие. Институттың ғылыми қызметкерлері Қазақстан флорасының өсімін молайту, сақтау және қорғау мәселелері бойынша зерттеулер мен ғылыми әзірлемелермен айналысады. Бұл бағыттар бойынша үлкен жұмыстарды дендрология зертханасы жүзеге асырады, оның негізгі міндеті интродукцияланған ағаш және бұта түрлерінің биологиясы мен экологиясын зерттеу, климаттандыру, республикадағы жасыл құрылыста пайдалану үшін экономикалық құнды өсімдіктерді анықтау болып табылады. Дендрология зертханасының қызметкерлері кураторлық ететін «Қазақстан», «Сібір және Қиыр Шығыс», «Шығыс Азия», «Еуропа, Қырым, Кавказ», «Солтүстік Америка», «Жапон бағы», «Сирингарий», «Кониферетум» көрме және коллекциялық аймақтары жер шарының түкпір-түкпіріндегі өсімдіктердің алуан түрлілігін ұсынады.
Біздің ғылыми қызметкерлер ормандардың маңыздылығын жақсы түсінеді, оларды сақтау мәселесін зерттейді және шешеді. Баршаңызды орманға ұқыпты және жауапкершілікпен қарауға шақырамыз!