Әйелдер мен қыздардың ғылымдағы халықаралық күні

10 февраля 2022,

Жыл сайын 11 ақпанда Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас Ассамблеясы әйелдер мен қыздардың ғылымға толық және тең қолжетімділігін және қатысуын қамтамасыз ету үшін белгілеген әйелдер мен қыздардың ғылымдағы халықаралық күні атап өтіледі. Толығырақ…

Бұл күн әйелдер мен қыздардың ғылыми-техникалық қоғамдастықта маңызды рөл атқаратынын және олардың қатысуын кеңейту керектігін еске салады. 2018 жылдың ортасында, ЮНЕСКО мәліметтері бойынша, әйел зерттеушілердің үлесі әлемдегі барлық зерттеушілердің 28,8% құрады.

Біздің Ботаника және фитоинтродукция институтында ғылымға берілген көптеген жоғары кәсіби ғалым-әйелдердің жұмыс істейтіні бізді қуантады. Институттағы тоғыз зертхананың жетеуін әйелдер басқарады. 2021 жылы іске қосылған екі ғылыми-техникалық бағдарламаны да әйелдер басқарады. 14 жыл бойы «Ботаника және фитоинтродукция институты» ШЖҚ РМК бас директоры Гүлнара Тоқбергенқызы Ситпаева – биология ғылымдарының докторы, Қазақстан Ұлттық жаратылыстану ғылымдары академиясының академигі, Қазақстан Республикасының Ботаникалық бақтар және дендрологиялық парктер кеңесінің төрағайымы, 200-ден астам ғылыми басылымдардың авторы.
Ситпаева Г.Т. және институт ұжымы Қазақстан Республикасының ботаника ғылымының дамуына көп жылдар бойы күн сайын елеулі үлес қосып келеді.
Институтымыздың ұжымын және барлық ғалым әйелдерді Халықаралық ғылымдағы әйелдер мен қыздар күнімен құттықтаймыз. Ерен еңбектеріңіз үшін рахмет! Сіздерге сәттілік, ғылыми жетістіктер, барлық идеяларды жүзеге асыруды тілейміз! Жігерлі және өз жұмыстарынызға ғашық маман болып қала беріңіздер.

 

Жіберілімге жазылыңыз