Беларуссиядағы халықаралық ғылыми-практикалық семинар

10 июля 2023,

BR10264557 «Алматы облысының флорасы мен өсімдіктерінің қазіргі экологиялық жағдайын кадастрлық бағалау ресурстық әлеуетті тиімді басқарудың ғылыми негізі ретінде» бағдарламасы аясында «Ботаника және фитоинтродукция институты» қызметкерлері халықаралық Беларусь Ұлттық ғылым академиясының Тәжірибелік ботаника институты ұйымдастырған «Табиғи ресурстарды үнемді пайдалану және сақтау үшін флора кадастрын жүргізудің ғылыми негіздері» ғылыми-практикалық семинарға қатысты. Толығырақ…

Семинарға әр түрлі зертханалардан 9 адам жіберілді: Сатеков Е.Я., Исламгулова А.Ф., Құрмантаева А.А., Қаржаубекова Ж.Ж., Масалова В.А., Иманалинова А.А., Осмонәлі Б.Б., Кеңесбай А.Х., Рамазанова М.С. Семинар Минскіде басталып, институт басшылығымен кездесу өтті. Негізгі ғылыми-тәжірибелік іс-шаралар Березин биосфералық резерватында және Нарочанский ұлттық саябағында өтті. Іс-шаралар барысында келесі әдістер бойынша тренингтер өткізілді: Беларусь Республикасының Қызыл кітабына енгізілген өсімдік түрлеріне мониторинг жүргізу, шаруашылыққа пайдалы өсімдіктердің жабайы өсетін түрлерінің өнімділігі мен қорын зерттеу, Березин өзеннің жайылмасындағы жайылма шалғындарды зерттеу, инвазиялық өсімдік түрлеріне мониторингтік зерттеулер, сонымен қатар қоршаған ортаны қорғау шараларының әдістемесі бойынша өтті. Семинардың бастамашысы және негізгі жетекшісі Масловский Олег Мечиславович - өсімдік әлемінің кадастры секторының меңгерушісі. Семинарға кадастр секторының қызметкерлері Сысой И.П., Чумаков Л.С., Шиманович Р.В., Христюк-Макарова Я.А. қатысты.

                

Жіберілімге жазылыңыз