Біз «Қаланың ағаштары қандай аурумен ауырады және оларға қалай көмектесуге болады» анықтамалығын шығардық.

08 апреля 2024,

Ботаника және фитоинтродукция институты және Urban Forum Kazakhstan сіздердің назарларыңызға «Қаланың ағаштары қандай аурумен ауырады және оларға қалай көмектесуге болады» ақпараттық нұсқаулықты ұсынады. Толығырақ…

Мұндай басылым Алматыда алғаш рет шығып отыр. Анықтамалық кітап 2023 жылы қоршаған ортаны қорғау еріктілеріне арналған «Жасыл рейнджер» жобасы аясында Ботаника және фитоинтродукция институтының ғылыми қызметкерлері оқыған дәрістер материалдарына негізделген.

Анықтамада инфекциялар, зиянкестер, табиғи және техногендік факторлардың әсерінен болатын ағаш ауруларының әртүрлі түрлері туралы қысқаша ақпарат бар. Бұл басылым қалалық ортада ағаш ауруларын анықтау, алдын алу және емдеу жолдары туралы пайдалы білім алғысы келетіндердің барлығына пайдалы болады. Сандық анықтамалық нұсқаулықты жүктеп алу мүмкіндігі барлығына ашық. Нұсқаулықты urbanforum.kz сайтынан оқып, жүктеп алыңыз.

Жоба «Шеврон» компаниясы мен «Urban Forum Kazakhstan» қорының серіктестігімен жүзеге асырылатын Tabigat Labs бағдарламасы аясында жүзеге асырылды.

Жіберілімге жазылыңыз