«Жасыл Рейнджер Клубы» еріктілер жобасын бастаймыз

05 июня 2024,

5 маусым – Эколог күні және Дүниежүзілік қоршаған ортаны қорғау күні. Біз үшін бұл күні Ботаника және фитоинтродукция институты Бас Ботаникалық бақ негізінде экология мен қоршаған ортаға қатысты мәселелерді шешуге бей-жай қарамайтын барлық адамдар үшін: экоактивистер, еріктілер, табиғатты қорғаушылар мен әуесқойлар үшін тағы бір жобаның басталғаны өте символдық. Толығырақ…

«Жасыл Рейнджер Клубы» еріктілер жобасын бастаймыз. Бұл қалалық көгалдандыру, табиғатты қорғау, тұрақты өмір сүру, қала экологиясы және азаматтық ғылым тақырыптарына қызығушылық танытатын барлық адамдардың қауымдастығы. «Жасыл Рейнджер Клубының» жұмысы аясында ботаникалық бақта Ботаника және фитоинтродукция институтының және басқа да ғылыми мекемелердің, табиғатты қорғау ұйымдарының мамандарымен кездесулер өтеді. Сізді қызықты лекциялар мен фильмдер, шеберлік сабақтары мен пікірталастар күтеді. Клуб отырыстарында жаңа білім мен байланыстар алуға, қызықты жобалар жасауға және олар бойынша кеңес алуға, пікірлестермен және биологтармен қарым-қатынас жасауға мүмкіндік болады. Сондай-ақ, клуб отырыстары аясында ботаникалық баққа өсімдіктерді бақылау, күтіп-баптау және емдеуге көмектесу үшін ерікті іс-шаралар ұйымдастырылады.

Ботаникалық бақ қазірдің өзінде Алматы қаласының саналы тұрғындары мен табиғатсүйер қауымның назарын аударатын орынға айналды, және дәл осындай адамдарды біз «Жасыл Рейнджер Клубының» мүшесі болуға шақырамыз. Біз бірге қоршаған ортаға қамқорлық жасау және экологиялық мәселелерді шешуге көмектесу арқылы әлемді жақсы орынға айналдыруға мүмкіндігіміз бар.

14 маусым күні сағат 11:00-де «Жасыл Рейнджер клубының» ашылуына және клубтың бірінші отырысына шақырамыз. Бірінші кездесудің тақырыбы: «Біздің жасыл үйіміз».

Өтетін орны: Атакент жағынан батыс кіреберіс павильоны (Тимирязев к-сі, 36 д., к. 3).

Алдағы уақытта клубтық кездесулер жыл бойы әр сенбі сайын сағат 11:00-де өтеді. Клубтың маусым айындағы кездесулерінің тақырыптарын келесі басылымдардан іздеңіз.

«Жасыл Рейнджер Клубы» «Шеврон» компаниясымен серіктестікте жүзеге асырылып жатқан Tabigat Labs жобасының бөлігі болып табылады. Жобаға қатысушылар: Бас Ботаникалық бақ, Urban Forum Kazakhstan, Fading TSE, Impact Hub Almaty.

Жіберілімге жазылыңыз