Миллионыншы келуші

08 августа 2022,

Бас ботаникалық бақ қашанда қала тұрғындары үшін ерекше орын болып, Болат Өтемұратов қоры жүргізген қайта жөндеуден кейін Алматының басты көрікті жерлерінің біріне айналды. Қазір ботаникалық бақ алматылықтар мен қала қонақтарын қызықтыратын орынға айналды. Толығырақ…

Бізде мақтанатын және көрсететін нәрсе бар! 103,6 га аумақта жер шарының түкпір-түкпірінен өсімдіктер жиналған! Бізде 2,5 мыңнан астам тірі өсімдіктердің таксоны бар. Қайта құрудың арқасында ботаникалық бақ өзгерді және алматылықтардың өмірін өзгертті, бұл әрбір адамға жайлылық оазисіне сүңгіп, табиғат аясында болғандай сезінуге мүмкіндік берді. Күн сайын ботаникалық баққа бірнеше мың адам келеді – балалы аналар, мектеп оқушылары мен студенттер, ғашық жұптар, ата-әжелер.

2022 жылдың 8 тамызы ботаникалық бақ үшін ерекше күн болды! Бұл күні жөндеуден өткен бақ ашылғаннан бері миллионыншы келушіні қабылдадық. Мерейтой қонағы келушілердің есебін жүргізетін жабдықтың көмегімен анықталды. Бұл айтулы оқиғаның Бас ботаникалық бақ пен Ботаника және фитоинтродукция институтының 90 жылдық мерейтойы жылында болғаны ерекше қуантады.

Бақшаның миллионыншы келушісі Алматы қаласының тұрғыны Ангелина Блинова болды, оның бүгінгі ботаникалық баққа төртінші рет келуі болды. Ангелинаның айтуынша, оған бақтың табиғаты, оның атмосферасы мен сұлулығы қатты ұнайды, сондықтан отбасымен және туыстарымен осында серуендеу бір ғанибет! Бойжеткен айтқандай, ол бақшаны қайта жөндеуден бұрын да ұнатқан, бірақ қазір ол одан да жақсырақ болып кеткені сөзсіз.

Ангелина өзінің алғашқы эмоцияларымен бөлісті: «Әрине, мен таң қалдым, бұрын ешқашан лотерея ұтып алған емеспін, бірақ міне, осындай ұтыс! Басында әзіл деп ойладым, кейін құттықтап, суретке түсе бастады. Мен ботаникалық бақтың миллионыншы қонағы болғаныма өте қуаныштымын. Бас ботаникалық бақтың 90 жылдық мерейтойымен құттықтаймын! Таза ауа мен әсем табиғатпен халықты қуанта берулеріңізге тілектеспін, баршаңызға жақсылық, амандық, келушілеріңіз көбейе берсін!

Миллионыншы келушіге Бас ботаникалық бақтың құрметті қонағы атағы берілді! 11 тамыз күні сағат 18:30-да үйеңкі аллеясының жанындағы сахнада қонағымызға естелік сыйлықтар мен ерекше құрмет көрсету рәсімі өтеді. Баршаңызды шараға шақырамыз, одан кейін тағы бір музыкалық кеш өтеді.

  

Жіберілімге жазылыңыз