Көптеген алматылықтар үшін көктемнің басталуы гүлденген ағаштармен, қаланы аралаумен және жазғы жиындармен ғана емес, сонымен қатар Бас ботаникалық бақ сахнасында жанды дауыста классикалық музыка концерттерімен де байланысты. Толығырақ…
Мамыр мерекелеріне орай, ботаникалық бақта ашық аспан астындағы музыкалық кештердің кезекті үшінші маусымының ашылғанын қуана хабарлаймыз. Әдеттегідей, ботаникалық бақтың әсем табиғаты аясында келушілерді тек жоғары сапалы жанды музыка күтеді.
Алғашқы музыкалық кештер 4 және 5 мамыр күндері сағат 18:00-де өтеді.
4 мамыр сағат 18:00-де баршаңызды камералық вокалдық концертке шақырамыз. Сахнада халықаралық және республикалық байқаулардың лауреаттары Ержан Құшанов (флейта), Малика Михлина (гобой), Бақтияр Құсайынов (фортепиано), Софияна Благодарная (меццо-сопрано), Дамир Құсайынов (баритон), Бекзат Мәмбетияров (контртенор) өнер көрсетеді.
5 мамыр күні сағат 18:00-де халықаралық байқаулардың лауреаты, Жамбыл атындағы Қазақ мемлекеттік филармониясының әншісі Динара Базарбаева-Сахаман (соло скрипка), халықаралық байқаулардың лауреаттары Әйгерім Исенова (клавесин), Дина Құрманалинова (1 скрипка), Жәмила Қадірова (2 скрипка), Дана Сарыбаева (альт), Бақытжан Жантұрғанов (виолончель).
Өтетін орны: Үйеңкі аллеясы сахнасы. Ботаникалық билеттермен кіру.