Достар, сіздерді Бас Ботаникалық бақтың табиғаты аясында жанды классикалық музыканың дыбысынан керемет ештеңе жоқ екеніне тағы да көз жеткізуге шақырамыз. Келесі аптада біз Ботаникалық бақта екі ашық музыка кешін жоспарладық. Толығырақ…
11 тамыз күні сағат 19:00-де сіздер үшін Жамбыл атындағы Қазақ Мемлекеттік филармониясының солистері, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткерлері Аида Аюпова (скрипка) және Арман Тілеубергенов (фортепиано) өнер көрсетеді.
Концерт бағдарламасында орындалатын шығармалар:
Ф.Крайслер "Рондино на тему Бетховена", "Муки любви", "Прекрасный розмарин", "Забытый мотив", "Маленький венский марш", "Синкопы"
Ж.Массне "Размышление" "Таис" операдан
М. де Фалья "Испанский танец"
Е.Брусиловский "Козы Корпеш - Баян Сулу" балеттен соло
Э.Эльгар "Салют любви"
К.Дебюсси "Лунный свет" из "Бергамасской сюиты"
К.Гардель "Tomo y obligo"
Е.Шакеев "Жди меня"
Д.Уильямс, "Список Шиндлера" к/ф музыкасы
Э.Морриконе "Амапола" "Однажды в Америке" к/ф музыкасы
К.Гардель "Por una Cabeza"
В.Монти "Чардаш"
Музыкалық кеш үйеңкі аллеясының сахнасында өтеді. Ботаникалық бақ билеттері бойынша кіру.
Концерт алдында сағат 18:00-де Ботаника және фитоинтродукция институтының қызметкерлерінен танымал ғылыми дәрісті тыңдай аласыз.
12 тамыздағы музыкалық кеш бағдарламасын келесі басылымнан іздеңіз.