11 қыркүйек күні сағат 18:00-де Бас Ботаникалық бақта 1966–1974 жылдары Ботаникалық бақтың директоры болған ғалым, академик Ештай Холбекейұлы Өзеңбаевтың 120 жылдығына арналған музыкалық кеш өтеді. Толығырақ...
Кештің ерекшелігі — оның Ботаникалық бақ тарихымен тікелей байланысында. Сахнада академик Ештай Өзеңбаевтың ұрпақтары өнер көрсетеді. «Династия» деп аталатын кеш ұрпақтар сабақтастығын, буындар арасындағы байланысты және оның қыздары мен немерелерінің еңбегі мен өнері арқылы жалғасып келе жатқан тағылымды мұраны білдіреді.
Концертке қатысушылар:
Гүлнара Нұрғалиева — сопрано, халықаралық байқаулардың лауреаты, ҚР еңбек сіңірген мәдениет қызметкері;
Айдана Қалибаева — скрипка, халықаралық байқаулардың лауреаты, Қ. Байсейітова атындағы РММОМИ-тің 7-сынып оқушысы;
Гүлжан Өзеңбаева — фортепиано, композитор, халықаралық байқаулардың лауреаты, ҚР еңбек сіңірген қайраткері.
Кеш бағдарламасында П. Чайковский, Ж. Массне, Ф. Шопен, С. Рахманинов, Ф. Шуберт, Р. Шуман, А. Жұбанов, Э. Ди Капуа, А. Ешпай, Г. Өзеңбаева шығармалары және қазақтың халық әндерінің өңдеулері орындалады.
Кеш жүргізушісі — Қазақстан Республикасының музыкатану ғылымдарының докторы Айжан Қалибаева.
Өтетін орны: Үйеңкі аллеясындағы сахна.
Іс-шараға Ботаникалық бақтың кіру билеті арқылы қатысуға болады.