22 қыркүйек күні сағат 17:00-де Бас Ботаникалық бақта биылғы жылдың қорытынды музыкалық кеші өтеді. Толығырақ...
Ботаникалық бақ қонақтарына халықаралық байқаулардың лауреаттары — Құсайынов Дамир, Ратбек Райымбек, Молдабеков Марғұлан және Санатұлы Санжар өнер көрсетеді. Олар ер адам дауысының ең барқытты тембрлерінің бірі — баритон иелері.
Кеш барысында классикалық ариялардан бастап, классикаға айналған сүйікті эстрадалық әуендерге дейінгі вокалдық музыка ұсынылады.
Өтетін орны: үйеңкі аллеясындағы сахна.
Іс-шараға Ботаникалық бақтың кіру билеті арқылы қатысуға болады.
Күзгі кешті табиғат аясында жанды музыкамен бірге өткізуге шақырамыз. Ботаникалық бақта кездескенше!