7 қазан күні музыкалық кеш

04 октября 2022,

Достар, 7 қазан күні сағат 18:30-да Бас Ботаникалық бақтағы ашық аспан астындағы биылғы қорытынды музыкалық кешке шақырамыз. Толығырақ…

Музыкалық кештердің алматылықтар мен қала қонақтарының сүйіспеншілігіне ие болғаны соншалық, тұрақты көрермендеріміздің де болғанына өте қуаныштымыз.  Мамыр-қазан айларында музыкалық кештерімізде үздік музыканттар, республикалық және халықаралық байқаулардың лауреаттары, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткерлері мен әлемдік деңгейдегі өнерпаздар өнер көрсетті.

7 қазанда өтетін сазды кеште пианист, ҚР еңбек сіңірген қайраткері, ботаникалық бақ жүрегінен ерекше орын алған композитор Гүлжан Үзенбаева өнер көрсетеді. 
Гүлжан Үзенбаева 1966-1974 жылдар аралығында Бас ботаникалық бақтың директоры болған Ештай Холбекейұлы Үзенбаевтың немересі. Болашақ музыканттың бүкіл балалық шағы ботаникалық бақта өтті және ең ыстық естеліктер онымен байланысты. Сондықтан 90 жылдық мерейтой жылы музыкалық кештер маусымын Гүлжан Үзенбаева жапса, бұл өте символдық түрде болар еді деп шештік. Онымен бірге ботаникалық бақ сахнасында халықаралық байқаулардың лауреаттары Гүлнар Нұрғалиева (сопрано), Ермек Құрманаев (виолончель), Евгения Құрманаева (скрипка) өнер көрсетеді.
Өтетін орны: үйеңкі аллеясының сахнасы. Кіру Ботаникалық бақ билеттері арқылы.
Жылы киініп, ботаникалық баққа келіңіз, бізбен бірге тамаша музыкаға толы күзгі кешті өткізіңіз.


 

Жіберілімге жазылыңыз