Ботаникалық бағының аумағында археологиялық ескерткіштердің бірі – бастапқы темір ғасырының қорғаны орналасқан

11 июля 2018,

Алматы қаласының Ботаникалық бағының аумағында тарихи құндылықты құрайтын археологиялық ескерткіштердің бірі – бастапқы темір ғасырының қорғаны орналасқан. Қорғанды 2003 жылы ҚР БҒМ Ә. Марғұлан атындағы Археология институтының Алматы археологиялық экспедициясы зерттеген. Қорған топырақ пен тастардан қаланған, шымдалған, оның беткейлері мен төбесін бұта жапқан. Қорғанның табанының диаметрі – 32 м, биіктігі – 3,5 м.

 

Кіші және Үлкен Алматы, Есентай, Қарғалы өзендерінің тау алды алқаптарындағы қолайлы жағдайлар стратегиялық ұтымды орналасқан жерімен ұштастықта Алматы қаласының ежелгі заманнан бері халық қоныстануына себеп болғанын айта кету керек. Ол дәуірдің мекендері, қазыналары мен қорымдары оның айын дәлелі болып табылады.

Алматы қаласының аумағында ортағасырлық қала өмірінің өркендеуі XI-XII ғасырларға жатады. Бұл мұсылман мәдени кеңістігіне интеграцияланған Қараханидтер мемлекетінің ең қуатты кезі болатын. Тиімді экономика, Ұлы Жібек жолының бойындағы транзиттік сауда және айналадағы аймақтардың үстінен бақылаудың ыңғайлы болуы Алматы ортағасырлық қалалық мәдениетінің негіздеріне айналды.

Қазіргі Алматы, Қараханидтер дәуіріндегі қалалардың тікелей ізбасары болып табыла отырып, тап сол тіректерді өркендеп отырғаны айтуға тұрарлық. Бұл сабақтастық ғалымдардың тәптіштеген зерттеуінің мәні болып, оның нәтижелері 2010 жылы өткен «Еуразияның ежелгі және ортағасырлық урбанизациясы: Алматы қаласының пайда болуы, дамуы және жасы» халықаралық ғылыми-практикалық конференциясында жарияланды. Жазбаша және археологиялық ескерткіштерді жан жақты талдаудың негізінде Алматының қала ретіндегі тарихының басталу шағы XI ғасыр болып табылатыны, бұл оның мыңжылдық жасын білдіретіні ғылыми дәлелденді.

Фотода қорған орналасқан жер.

Жіберілімге жазылыңыз