Орман шаруашылығы қызметкерлері күніне арналған марапаттар

22 октября 2025,

2025 жылғы 18 қазанда, Орман шаруашылығы қызметкерлері күні қарсаңында, Қазақстан Республикасының экология және табиғи ресурстар министрі Ерлан Нысанбаев орман саласының ардагерлері мен үздік қызметкерлеріне марапаттар табыс етті. Толығырақ...

Өз сөзінде министр орман шаруашылығын жүйелі дамыту еліміздің экологиялық қауіпсіздігінің маңызды негізі екенін атап өтті. Сондай-ақ, ол орманшылар еңбегінің Қазақстанның болашағы үшін маңыздылығын ерекше атап өтіп, барлығына мықты денсаулық, отбасылық амандық және табиғатты сақтау ісіндегі игі істеріне табыс тіледі.

Марапатталғандардың қатарында Ботаника және фитоинтродукция институтының қызметкерлері — дендрология зертханасының аға ғылыми қызметкерлері Светлана Вячеславовна Набиева және Николай Евгеньевич Зверев бар.
Өздерінің алғыс сөзінде олар көрсетілген сенім мен еңбектерінің жоғары бағаланғаны үшін ризашылықтарын білдіріп, өз ісіне адал жандарға ғылыми және тәжірибелік қызметтерінде жаңа жетістіктер мен шабыт тіледі.

    

Жіберілімге жазылыңыз