Достар, екі жыл қатарынан бас ботаникалық бақта сарышымшықтардың санын көбейту үшін үішіктер жинап жатырмыз. Толығырақ…
Сарышымшықтар біздің бақшамызға үлкен пайда әкеледі. Сарышымшықтар неғұрлым көп болса, ағаштар мен өсімдіктердегі жәндіктердің зиянкестері соғұрлым аз болады. Бұл зиянды жәндіктермен күресудің ең экологиялық таза тәсілі Қауырсынды санитарлардың санын көбейту үшін құстардың ұя салып, балапандарын шығаруы үшін үйшіктерді көбірек орналастыру керек.
2022 жылдың ақпан айында біз ботаникалық бақтың оңаша бұрыштарына ілулі тұрған 67 құс үйлерін жинадық. Биыл да біз қамқор азаматтарды өз үлестерін қосып, сарышымшықтарға үй сыйлауға шақырамыз. Өткен жылғы рекордты жаңартайық! Әрбір адам үішік жасап, оны 11 ақпаннан 11 наурызға дейін Бас ботаникалық баққа екі кіру билетіне айырбастау үшін бізге әкеле алады.
Қатысу үшін сізге қажет:
1. Бізге директке «Маған құс үйшікті жасау бойынша нұсқаулық жіберіңіз» деп жазыңыз.
2. Нұсқау бойынша үішікті жинап, ботаникалық баққа әкеліп, екі кіру билетіне айырбастаңыз.
Құс үйлерін қабылдау күн сайын сағат 10:00-ден 19:00-ге дейін, (Тимирязев к-сі, 36д) мекенжайы бойынша солтүстік кіреберіс павильонында жүргізіледі. Үішіктер қатаң түрде нұсқауларға сәйкес салынуы керек екенін ескеріңіз. Талапқа сай келмейтін үйлер қабылданбайды. Өткен жылғы тәжірибеге сүйенсек, нұсқаудан сәл ғана ауытқудың өзі үішіктердің тұрақсыз қалуына әкеліп соғады.
Лайк басып, репост жасап, ботаникалық баққа көбірек адам атсалысып, көбірек құстар өз үйлерін табуға көмектессін.