Қылмыскер жазасын алды!

08 августа 2025,

2025 жылғы 5 тамызда әлеуметтік желілерде ер адамның Бас Ботаникалық бақ аумағында аққуды мойнынан ұстап алған сәті түсірілген видео жарияланды. Бұл әрекет қоғам арасында әділ наразылық туғызды. Толығырақ...

Полицияның жедел әрекеттерінің және бейнебақылау камераларынан біздің қауіпсіздік қызметіміз берген деректердің арқасында құқық бұзушы бір тәулік ішінде анықталып, ұсталды. Құқық бұзушы 1983 жылы туған азамат болып шықты. Алматы сотының баспасөз қызметінің хабарлауынша, бүгін бұл іс бойынша сот отырысы өтті. Сот ер адамды 7 тәулікке әкімшілік қамауға алу туралы үкім шығарды.

 

Бұл – жануарларға қатыгездік көрсету, дөрекілік пен Бақ аумағындағы орынсыз әрекеттер үшін әрбір құқық бұзушы жауап беретінінің айқын дәлелі. Бас Ботаникалық бақ — ерекше қорғалатын табиғи аумақ, онда арнайы ережелер мен бірқатар шектеулер қолданылады. Мұндағы жануарлар мен өсімдіктер қорғауға алынған. Оларға бағытталған кез келген агрессия немесе құрметсіздікке жол берілмейді. Бұл және өзге де ережелерді бұзғандар міндетті түрде жазаланады. Сондықтан Ботаникалық баққа келушілерге арналған ережелерге назар аударуды ұсынамыз. Бұл ережелер ақпараттық панельдерде, сондай-ақ біздің сайтта жария оферта шартына қосымша ретінде орналастырылған: 

https://www.botsad.kz/kz/page/publichnaya_oferta.

Қазір аққудың жағдайы жақсы екенін хабарлауға қуаныштымыз, оның жағдайын орнитолог мамандар бақылауда ұстап отыр. Бұған дейін біз аққулы тоғанның маңына шағын қоршау орнатуды, ең алдымен, адамдардың, әсіресе кішкентай келушілердің қауіпсіздігі үшін жоспарлаған едік. Енді біз мұндай қоршаудың жануарларды адамдардан қорғау үшін де қажет екеніне көз жеткіздік. 

Ботаникалық баққа келушілер саны жыл сайын артып келеді. Келушілер көбейген сайын, бақ аумағындағы тәртіп бұзушылықтар да жиілеп отыр. Адамдар көгалмен жүріп, өсімдіктерді таптап, пикник жасап, қоқыс қалдырады. Мұның бәрін өз күшімізбен бақылау мүмкін емес. Сол себепті біз «Жасыл Патруль» қауымдастығының еріктілерінен де көмек күтеміз. Бұл – Бақтағы тәртіптің сақталуына жәрдемдесетін, бейжай қарамайтын азаматтарды біріктіретін қозғалыс.

Бейжай қалмай, белсенді азаматтық ұстаным танытқан барлық азаматтарға алғысымызды білдіреміз. Сонымен қатар, жедел әрекет еткені үшін Алматы қаласы Бостандық ауданының Полиция басқармасына, атап айтқанда учаскелік инспектор мен криминалдық полиция инспекторына алғысымызды айтамыз.

Барша келушілерді құрметпен қарауға, ұқыпты және саналы болуға шақырамыз. Біз бірге ботаникалық бақшамызды бұдан да әдемі ете аламыз!

Жіберілімге жазылыңыз