2023 жылғы 23-26 тамызда Өзбекстан Республикасы Ғылым академиясының Ботаника институтында (Ташкент қ.) гербарий үлгілерін цифрландыруға арналған ғылыми семинар өтті. Толығырақ…
Семинарға Қазақстан, Өзбекстан, Қырғызстан, Тәжікстан және ҚХР ғылыми қоғамдастығының өкілдері қатысты. Қазақстандық тарапты Ботаника және фитоинтродукция институтының жоғары өсімдіктер флорасы зертханасының ғылыми қызметкерлері Б.Б. Осмонали, Б.К. Билибаева, Д.Ш. Әбділданов ұсынды.
Семинар барысында біздің ғылыми қызметкерлеріміз гербарий үлгілерін цифрландыру бойынша тәжірибе алмасып, Қытай Ғылым академиясының Ботаника институтымен, Қытай Ғылым академиясының Шыңжаң экология және география институтымен, Тәжікстан Ұлттық Ғылым академиясының ботаника, өсімдіктер физиологиясы және генетикасы институтымен, Өзбекстан Ғылым академиясының Ботаника институтымен және Қырғызстан Ұлттық Ғылым академиясының биология институтымен байланыс орнатты.