10 және 11 қыркүйекте ғылыми-танымдық дәрістер өтеді

09 сентября 2026,

Қазақстанның өсімдіктер дүниесімен мамандарымыздың зерттеулері, білімі мен қызықты оқиғалары арқылы таныстыруды жалғастырамыз. Толығырақ...

10 және 11 қыркүйек күндері Бас Ботаникалық бақта өтетін ғылыми-көпшілік дәрістерге шақырамыз.

10 қыркүйек, сағат 16:00 — «Жанғалиев атындағы жемісті өсімдіктерді жерсіндіру және гендік қорды қорғау зертханасымен танысу» тақырыбында дәріс өтеді.

Кіші ғылыми қызметкер Маржан Баймағанбетова зертхананың жұмысы, жүргізіліп жатқан зерттеулер және оның коллекциясындағы өсімдіктер туралы айтып береді. Олардың қатарында Қазақстанның жабайы жемісті флорасының аса маңызды өкілдерінің бірі — Сиверс алмасы да бар.

11 қыркүйек, сағат 17:00 — дендрология зертханасының аға ғылыми қызметкері «Жанды коллекция: Ботаникалық бақтың тарихы мен экспозициялары» тақырыбында дәріс оқиды.

Дәріс барысында тыңдаушылар Ботаникалық бақтың тарихы неден басталғанын, экспозициялардың қалай ұйымдастырылғанын және серуендеу кезінде қандай сирек кездесетін өсімдіктерді көруге болатынын біледі.

Дәрістерден кейін екі кеш те ашық аспан астындағы жанды музыкамен жалғасады.

Жіберілімге жазылыңыз