Ботаника және фитоинтродукция институтында 2021 жыл іс-шараларға, зерттеулерге, конференциялар мен экспедицияларға бай болды. Толығырақ…
Институт жұмысы Бас Ботаникалық бақ аумағымен шектеліп қалмай, республика көлемінде жүргізіліп жатқанын талай рет айтып өткенбіз. Біздің зерттеушілеріміз үлкен жұмыс атқарды, оның нәтижелерін біз өз басылымдарымызда сіздермен бөлісетін боламыз. Институт әзірлеген екі ғылыми бағдарлама конкурстық іріктеу нәтижесінде 2021 жылы қаржыландыруға таңдалды.
Бірінші бағдарлама – «Қазақстанның әртүрлі табиғи аймақтарындағы қалалар мен елді мекендерді абаттандыру үшін өсімдіктердің ассортименті бойынша ғылыми негізделген ұсыныстар әзірлеу үшін мемлекеттік ботаникалық бақтардың коллекциялық қорларына экологиялық-интродукциялық талдау және табиғи флораны скринингтен өткізу».
Осы бағдарламаның мақсаттары:
1. Қазақстанның оңтүстік, оңтүстік-шығыс және орталық аймақтарында мемлекеттік ботаникалық бақтардың коллекцияларына, қала өсімдіктеріне экологиялық-интродукциялық анализ жасау және көгалдандыру үшін перспективті таксондарды талдау; коллекциялық қорларды дамыту және мемлекеттік ботаникалық бақтарда перспективалық өсімдіктерді көбейту технологияларын жетілдіру;
2. Қазақстанның әртүрлі аймақтарында бастапқы интродукциялау үшін перспективті түрлерді анықтау үшін табиғи флораны скринингтік тексеру;
3️. Тұқым қорын дамыту және көгалдандыруға перспективалы өсімдіктердің тұқым коллекцияларын қалыптастыру;
4️. Оңтүстік, Оңтүстік-Шығыс және Орталық Қазақстанның қалалары мен елді мекендерін көгалдандыру үшін перспективалы табиғи және әлемдік флораның ерекше құнды түрлерін молекулалық-генетикалық паспорттау.
Біздің басылымдарымызды бақылаңыз, біз ғылыми-техникалық бағдарламалар және олардың орындалуы туралы айтатын боламыз.