Ботаника және фитоинтродукция институтының ғалымдары 2021 жылдан бастап жұмыс істей бастаған екінші ғылыми-техникалық бағдарлама "Алматы облысы ресурстық әлеуетті тиімді басқарудың ғылыми негізі ретінде өсімдіктер мен өсімдіктер ресурстарының қазіргі экологиялық жағдайын кадастрлық бағалау". Бұл бағдарламаның мақсаты Алматы облысының аумағындағы флора, өсімдік және өсімдік ресурстарын кешенді зерттеу және бағалау болып табылады. Толығырақ…
Зерттеу жұмыстары Алматы облысының 7 әкімшілік ауданында (Қарасай, Талғар, Еңбекшіқазақ, Ұйғыр, Кеген, Райымбек, Панфилов) жүргізілді. Осы уақыт ішінде 23 экспедициялық сапар жасалды.
Бағдарламаның мақсаттары:
1. Флораның түрлік құрамын түгендеу (жоғары тамырлы өсімдіктер мен балдырлар флорасының кадастрын құру);
2. Аумақты фитоценоздық бағалау (өсімдіктер туралы құжатталған деректердің жүйелі жиынтығын құру);
3. Микобиотаның түрлік құрамын түгендеу (макро- және микромицеттердің кадастрын құру);
4. Экономикалық құнды түрлердің ресурстық әлеуетін бағалау (экономикалық құнды ресурстық түрлердің кадастрын құру);
5. Қазақстанның табиғи флорасының тұқым банкінде сақталатын шаруашылық-құнды түрлердің тұқымдарының Атласын жинақтау және әзірлеу;
6. Жоғары сатыдағы өсімдіктердің сирек түрлерін, балдырларды, саңырауқұлақтарды (Қызыл кітапты құру) және сирек кездесетін өсімдіктер қауымдастығын (Жасыл кітап) анықтау;
7. Бөтен инвазиялық түрлерді анықтау (Қара кітапты құру);
8. Қазақстанның мемлекеттік ботаникалық бақтарының тірі өсімдіктерінің коллекциялық қорларының каталогын құру;
9. Жеміс ормандарының биоалуантүрлілігін түгендеу және генетикалық мұрағатты толықтыру үшін экономикалық құнды белгілері мен қасиеттері бар жеміс өсімдіктерінің перспективалы түрлері мен формаларын іріктеу;
10. Өсімдіктерді сақтаудың жаһандық стратегиясын (2021–2030) іске асыру шеңберінде Алматы облысының флорасының қазіргі экологиялық жағдайын бағалау. Қазақстан флорасын кешенді кадастрлық бағалау бойынша әдістемелік құрал әзірлеу.