Сіз алдыңызда түймедақ тұр деп ойладыңыз ба? Жоқ. Бұл – Ботаникалық бақтың дәрілік өсімдіктердің жабық коллекциялық учаскесінде гүлдеп тұрған ең ірі нивяник (Leucanthemum maximum). Толығырақ...
Көпшілік оны түймедақпен шатастырады, алайда бұл – екі түрлі өсімдік. Екеуі де Asteraceae тұқымдасына жатқанына қарамастан, нивяниктің гүлшоғыры әлдеқайда ірі әрі жапырақтары тұтас болады. Ал дәрілік түймедақтың гүлсебеттері ұсақ, жапырақтары қауырсын тәрізді терең тілімденген.
«Нивяник» Сіз алдыңызда түймедақ тұр деп ойладыңыз ба? Жоқ. Бұл – Ботаникалық бақтың дәрілік өсімдіктердің жабық коллекциялық учаскесінде гүлдеп тұрған ең ірі нивяник (Leucanthemum maximum).
атауы «нива» – ашық алқап, егістік деген сөзден шыққан. Табиғатта бұл ақ гүлдер көбіне ашық шалғындар мен алқаптарда өседі. Ал «ең ірі» деген түрлік атауы оның диаметрі 10–12 см-ге дейін жететін өте ірі гүлшоғырларына байланысты берілген.
Нивяник ресми түрде дәрілік өсімдік болып саналмағанымен, халық медицинасында оның жерүсті бөлігінен тұнба мен қайнатпа дайындаған. Оған қабынуға қарсы, тыныштандыратын және жеңіл түйілуді басатын қасиеттер тән деп есептелген.
Бүгінде ең ірі нивяник ең алдымен өзінің сәндік қасиеті үшін жоғары бағаланады. Оның ірі ақ «түймедақ» тәрізді гүлдері жаз бойы гүлзарларға көрік беріп, араларды, көбелектерді және басқа да тозаңдандырғыш жәндіктерді өзіне тартады.
