Бүгін 4 желтоқсан - Аяз атаға сыйлықтарға тапсырыс беру және хат жазу күні! Әдетте, дәл осы күннен бастап пошта бөлімшелері Аяз атаға хабарламалар қабылдай бастайды. Жаңа жылдық ғажайыптарға Бас Ботаникалық бақ та қатысады! Толығырақ…
Аяз атаның мерекелік поштасы бізде екінші жыл жұмыс жасайды. Әрбір бала мен ересек адам ботаникалық баққа келіп, бас сиқыршыға хат жібере алады. Ол үшін ботаникалық бақтың қақ ортасында, зәулім шыршалардың арасында үй бар, оның ішінде тілектер жазылған сиқырлы хаттар пошта жәшігі бар. Жаңа жылдың келуін асыға күту ғана қалды! Осы тамаша дәстүрге қосылыңыз - балаларыңызбен Аяз атаға хат жазыңыз. Бұл балаңызбен жақындасуға, оның ойлары мен армандарын білуге тамаша мүмкіндік.