Оранжереяны қайта жаңғырту жұмыстарының барысы туралы

13 ноября 2026,

Оранжереяны қайта жаңғырту жұмыстарының қайта басталуына байланысты жобаның жүзеге асырылу барысы туралы өзекті ақпаратпен бөліскіміз келеді. Толығырақ...

Ботаника және фитоинтродукция институты мен Экология және табиғи ресурстар министрлігінің бірлескен күш-жігерінің арқасында 2026 жылдың қазан айында нысанды қайта жаңғыртуды аяқтау бойынша құрылыс-монтаж жұмыстары қайта басталды.

Құрылыстың тапсырыс берушісі – «Ботаникалық бақ достарының қоры» жеке қоры, ал мердігер ұйым – «SM Trade-Construction» ЖШС.

Жасалған шартқа сәйкес, құрылыс-монтаж жұмыстарының ұзақтығы 11 айды құрайды. Қайта жаңғырту жұмыстарын 2027 жылдың қыркүйек айында аяқтау жоспарланған.

Тропикалық және субтропикалық өсімдіктердің, соның ішінде пальмалардың бірегей коллекциясын сақтауға ерекше назар аударылуда. Өсімдіктерді қолайсыз ауа райы жағдайларынан қорғау мақсатында қысқы кезеңге дайындық жүргізілді: арнайы қорғаныс құрылымдары орнатылып, қыс бойы қажетті температуралық режимді сақтау көзделген.

Түсіністік танытып, шыдамдылық пен қолдау білдірген келушілерімізге алғыс айтамыз. Оранжереяны қайта жаңғырту барысы мен жобаны жүзеге асырудың негізгі кезеңдері туралы алдағы уақытта да хабардар етіп отырамыз.

Жіберілімге жазылыңыз