Ботаникалық бақтың қайта құру нобайлық жобасы мақұлданды.

27 сентября 2018,

Алматының Бас ботаникалық бағын жаңартып көркейту уақыты жақындап келеді: қалалық Қоғамдық кеңес бақтың қайта құру нобайлық жобасы бойынша ашық қоғамдық тыңдаулар өткізді.

Ботаникалық бақтың қайта құру нобайлық жобасы мақұлданды.

Алматының Бас ботаникалық бағын жаңартып көркейту уақыты жақындап келеді: қалалық Қоғамдық кеңес бақтың қайта құру нобайлық жобасы бойынша ашық қоғамдық тыңдаулар өткізді.
Бейжай қалмайтын алматылықтар мен жорналшылар "Верный капитал" компаниялар тобының бас директоры Ерлан Оспанов ұсынған жобаның тұжырымдамалық шешімдерімен танысты. Е.Оспанов қала тұрғындары үйреніп қалған ботаникалық бақтың кейпін сақтап қалу маңыздылығын атап өтті. — Бұл қаланың "өкпесі" ғана емес, бұл - тарихымыздың бір бөлігі. Дәл осы себепті нобайлық жобаны жасауға Қазақстан және басқа елдердің ландшафт дизайнерлері мен сәулетшілерін тарттық. Олар бақтың ағымдағы ахуалы мен әлеуетін және ерекше қорғалатын аймақ мәртебесін ескердік. Біз бақты сақтап қана қоймай, мыңнан кем емес жаңа ағаш отырғызып, бақтың жасыл қорын ұлғайтамыз, - деп түсіндірді Ерлан Оспанов. ⠀
Қайта құрудың нобайлық жобасын

- https://drive.google.com/file/d/1funJlOeJ47rnj-c8_U2fd2xkDtrFrZ2q/view (pdf-файл)
- https://www.facebook.com/media/set/?set=a.340774960026643&type=1&l=3d6783c56a (фотосуреттерімен альбом) сілтемелермен жүріп көре аласыздар. ⠀
Тыңдау барысында алматылықтар спикерлерге толғандыратын сұрақтарын қойды, ал кездесу аяқталғаннан кейін Алматының Қоғамдық кеңес мүшелерінің барлығы Ботаникалық бақты қайта құру үшін бірауыздан дауыс берді.

 

Жіберілімге жазылыңыз