Конституциялық түзетулерді талқылау

16 февраля 2026,

2026 жылғы 16 ақпанда Ботаника және фитоинтродукция институтында Қазақстан Республикасының Конституциясына енгізілетін өзгерістерді талқылауға арналған ұжым жиналысы өтті.

Іс-шара барысында комплаенс-офицер Тойжанов Е.А. конституциялық түзетулердің негізгі жаңалықтары мен басты ережелеріне шолу жасап, олардың мазмұны мен елдің одан әрі дамуы үшін маңызын түсіндірді.
Кездесу ашық диалог форматында өтті. Қызметкерлер өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, пікір алмасты. 
Осындай іс-шараларды өткізу ұжымның құқықтық мәдениетін арттыруға және белсенді азаматтық ұстанымды қалыптастыруға ықпал етеді.
   

Жіберілімге жазылыңыз