Биологиялық әртүрлілікті қорғау өте өзекті міндет!

20 марта 2025,

2025 жылдың 14 наурызында Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық құрылтайда сөйлеген сөзінде өзінің табиғи ресурстарымен әлемге әйгілі біздің елімізде биологиялық әртүрлілікті қорғау міндеті өте өзекті болып отырғанын мәлімдеді. Толығырақ...

«Мен биоәртүрлілікті сақтау қорын құру қажет деп есептеймін. Мемлекет басшысы ретінде мен бұл үлкен жұмыстың ерекше маңыздылығын атап өту үшін осы қоғамдық ұйымды жеке басқаруға дайынмын», - деді Президент.

Біз Президенттің бастамасын толығымен қолдаймыз, өйткені Қазақстанмен ратификацияланған биологиялық әртүрлілік туралы Конвенцияға және өсімдіктерді сақтап қалу Ғаламдық стратегиясына сәйкес Ботаника және фитоинтродукция институттың  іргелі зерттеулерінің басым бағыттары: Қазақстанның ботаникалық әртүрлілігінің қазіргі заманғы жағдайының мониторингі, өсімдіктер жерсінуінің экологиялық негіздерін әзірлеу, in-situ және ex-situ сирек кездесетін және эндемикалық өсімдіктер түрлерінің тектік қорын сақтап қалу және тиімді тұрақты пайдалануды қамтамасыз ету, Қазақстанның өсімдік ресурстарын тұрақты және ұтымды пайдаланудың ғылыми негізін әзірлеу.

Бас Ботаникалық бақ - өсімдіктер дүниесін, оның ішінде өсімдіктердің сирек кездесетін және құрып кету қаупі төнген түрлерін қорғау, сақтау, молықтыру және пайдалану жөнінде зерттеулер мен ғылыми әзірлемелер жүргізуге арналған табиғат қорғау және ғылыми ұйым мәртебесі бар Республикалық маңызы бар ерекше қорғалатын табиғи аймақ болып табылады.

Біз көп жылдар бойы Қазақстанның табиғи байлығының құрамдас бөлігі болып табылатын бірегей өсімдік түрлері мен экожүйелерін сақтаумен айналысып келеміз. Ботаникалық бақтың коллекциялық қорында отандық және әлемдік флораны білдіретін 150 тұқымдас, 667 тұқым, 1853 түр, 343 форма және 1076 сорттан тұратын жоғары сатыдағы өсімдіктердің 3466 таксоны бар. Генетикалық тұрғыдан да құнды дүниелік және табиғи флорадағы дәрілік өсімдіктердің коллекциялары, жабайы жеміс өсімдіктерінің генофонды, сәндік өсімдіктердің коллекциялары, сирек кездесетін және жойылып бара жатқан өсімдіктердің коллекциялары. 2013 жылы Қазақстанның табиғи флорасының Тұқым банкі құрылды, онда 5 773 тұқым үлгілері сақталады.

Ботаникалық бақтың коллекциясында ерекше: Сиверс алмасының клондық сорттары және кәдімгі өрік, Іле және дөңгелек жемісті бөріқарақаттың гибридті өсімдіктері, итшомыртты шырғанақ, Регель алмұрты, кәдімгі бадам, эндемикалық және сирек кездесетін қызғалдақтар, жабайы пияз және т. б.

Жіберілімге жазылыңыз