Қазақ селекциясының жаңа перспективті сирень өскіндерін бағалау

05 мая 2025,

Отандық селекциялық бағытты дамыту және қазақстандық селекцияның сирень сорттарын танымал ету мақсатында «Ботаника және фитоинтродукция институты» ШЖҚ РМК қызметкерлері Ботаникалық бақ аумағындағы «Сирингарий» коллекциялық алқабында жаңа сирень көшеттерін алдын ала бағалау бойынша жүйелі жұмыс жүргізуде. Толығырақ...

2025 жылғы 1-5 мамыр аралығында "Ботаника және фитоинтродукция институты" ШЖҚ РМК Дендрология зертханасы Цицин атындағы Бас ботаникалық бақтың РҒА (Мәскеу), Белгород мемлекеттік ұлттық зерттеу университетінің ботаникалық бағының, Уфа ботаникалық бағының, сондай-ақ Ломоносов атындағы ММУ ботаникалық бағының (Мәскеу) халықаралық сарапшыларымен бірлесіп сирень сорттарының халықаралық тіркеліміне енгізу үшін қазақстандық селекцияның жаңа перспективалы сирень көшеттерін бағалау алдын ала жұмыстар жүргізді.
Өткізілген іс-шараның нәтижелері бойынша бірнеше перспективалы нысандар ресімдеу сатысында тұр. Алғашқы үлгілер IRSSI-ге тіркелуге бағытталатын болады, бұл қазақстандық сирень селекциясының халықаралық деңгейдегі жетістіктерін мойындаудағы маңызды қадам болмақ.
Естеріңізге сала кетейік, бүгінгі таңда сирень коллекциясы сирингарийде 100-ден астам сорт және 23 түрі бар, оның ішінде әлемдік және қазақстандық селекцияның сорттары бар. Оның ішінде 20-дан астам дақылдар мен көшеттерді біздің институттың ғылыми қызметкерлері өсірді.

    

Жіберілімге жазылыңыз