Бүгінде көрнекті ғалым, интродукцияны зерттеу саласындағы теоретик, өсімдіктер интродукциясын зерттеудегі экожүйелік көзқарас авторларының бірі, дендрология зертханасының меңгерушісі, биология ғылымдарының кандидаты Сергей Владимирович Чекалин 70 жасқа толар еді. Толығырақ…
Чекалин Сергей Владимирович 1971-1976 жылдары Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетінің биология факультетінде оқыды. Университетті бітірген бойда еңбек жолын Қазақ КСР Ғылым академиясының Бас ботаникалық бағында, қазіргі уақытта Ботаника және фитоинтродукция институты РМК-да бастады.
1982 жылы Чекалин «Су режимі және жапырақты ағаш өсімдіктерінің оңтүстік типті құрғақшылыққа бейімделуі» кандидаттық диссертациясын қорғады. Сергей Владимирович 1995 жылдан өмірінің соңғы күндеріне дейін Бас ботаникалық бақтың сүректі өсімдіктерінің коллекциялық қорын сақтау мен дамытуды қамтамасыз еткен дендрология зертхананы басқарды.
100-ден астам ғылыми жұмыстардың, оның ішінде 7 монографияның авторы. Ботаника саласындағы жемісті көпжылдық еңбегі мен ғылыми жетістіктері үшін Чекалин 2016 жылы ҚР БҒМ «Алғыс хатымен» және 2017 жылы «Еңбек ардагері» төсбелгісімен марапатталды.
Сергей Владимирович Чекалин Ботаника және фитоинтродукция институтында 42 жыл жұмыс істеді. Әріптестерінің естеліктеріне сәйкес, ол ботаника ғылымынан басқа, көркем суреттерді жақсы көретін және түсінетін, классиктердің өлеңдерін оқитын білімді адам болды. Барлығы Чекалинді кез-келген сәтте көмекке келуге дайын, өте сезімтал және мұқият адам ретінде еске алады. Ол керемет әке және атасы болған.
Сергей Владимирович Чекалиннің есімі оны танып, бірге жұмыс істеу құрметіне ие болған әрбір адамның жүрегінде мәңгі сақталады. Оған естелік болсын!