Мейізбаев Ержан Қабдырханұлын еске алу

02 февраля 2022,

ҚР БҒМ «Ботаника және фитоинтродукция институты» ШЖҚ РМК ұжымы Бас Ботаникалық бақтың орны толмас шығынға ұшырағанына өкініш білдіреді. Толығырақ…

2022 жылдың 31 қаңтарында бас агроном, өсімдік интродукциясы саласының үздігі Мейізбаев Ержан Қабдырханұлы 55 жасында дүниеден өтті. Оның жетекшілігімен бақша аумағында барлық агротехникалық шаралар жүргізілді. Оның табиғатты қорғау мен дамытуға қосқан үлесі орасан болды. Өзіндік ойлау, кәсіби шеберлік сынды қасиеттерді бойына сіңірген Ержан Қабдырханұлы Бас Ботаникалық бақта 2008 жылдан бері еңбек еткен оның нағыз тірегі, қорғаны болды. Институт ұжымы тамаша маманнан, өз ісіне шексіз берілген, талантты агрономнан ғана емес, қашанда қол ұшын беруге дайын жақсы досынан, жақсы жолдасынан, жастардың тәлімгерінен айырылды.

Оның мезгілсіз қайтыс болғанына қатты қайғырып, туған-туыстарына, жақындарына және оны жақсы білетін және жақсы көргендердің барлығына көңіл айтамыз.

Жіберілімге жазылыңыз