Қаланы көгалдандыру үшін көшеттерді көшіру

03 апреля 2023,

Алматыда жыл сайынғы ағаш отырғызу жұмыстары басталды. «Ботаника және фитоинтродукция институты» ШЖҚ РМК көп жылдар бойы бұл акцияға белсенді түрде қатысып келеді. Толығырақ…

Сәуірдің 1-і күні Алматы қаласы әкімдігінің өкілдеріне 500 түп шетен көшеті тапсырылып, қала тұрғындарына таратылады.

«Ботаника және фитоинтродукция институты» РМК қызметкерлерінің ғылыми қызметінің бағыттарының бірі Қазақстан қалаларын көгалдандыру бойынша ұсыныстар әзірлеумен байланысты. Алматы қаласы басынан бері кәсіпқой орманшылар мен дендрологтардың ұсыныстары мен қатысуымен қаланы көгалдандыру жұмыстары жүргізілуде. Мәселен, 2017 жылы институт ұжымы «Алматы қаласын абаттандыруға ұсынылатын ағаш өсімдіктерінің ассортименті мен каталогы», «Алматы қаласының жасыл желектерін құру және күтіп-ұстау бойынша әдістемелік нұсқаулар» шығарды.
Қазір біздің ғалымдар көп жылғы тәжірибе мен жинақталған білімнің арқасында Қазақстан қалаларын көгалдандыру бойынша кеңес беріп, ұсыныстар әзірлеуді, сондай-ақ көгалдандыруға көшет беруді жалғастыруда.

Жіберілімге жазылыңыз