Жасыл рейнджер клубының 2026 жылғы алғашқы кездесуі

10 марта 2026,

7 наурыз күні Бас Ботаникалық бақта 2026 жылғы «Жасыл Рейнджер Клубының» алғашқы кездесуі өтті. Толығырақ...

«Жасыл Рейнджер Клубы» жобасы — ботаникалық баққа көмек көрсетуге арналған білім беру кездесулері мен еріктілік акцияларының сериясы. Клуб қалалық көгалдандыру, табиғатты қорғау, экологиялық өмір салты, қалалық экология және азаматтық ғылым мәселелеріне қызығушылық танытатын энтузиастарды, сарапшыларды, ғалымдарды және барлық ниет білдірушілерді біріктіреді.

Клуб қатысушылары алдында Зоология институтының ғылыми қызметкері Леонид Ким лекция оқыды. Лекция тақырыбы: «Биобақылаудың сегізаяқты агенттері. Өрмекшілер — жәндіктер санының реттеушілері». Рейнджерлер өрмекшітәрізділер туралы көптеген қызықты мәліметтер білді: олардың табиғи жүйелердің тұрақтылығын сақтаудағы рөлі, өсімдіктерге пайдасы бар ма, сондай-ақ олармен қалай бірге өмір сүріп қана қоймай, тіпті «ынтымақтасуға» болатыны туралы.

Бұл лекция табиғатқа бейжай қарамайтын және қоршаған ортаны тереңірек түсінуге ұмтылатын адамдарды біріктіретін Клуб іс-шараларының жаңа маусымының басталуына жол ашты.

Клуб кездесулері сенбі күндері Атакент жағындағы батыс кіреберіс павильонында өтеді. Кездесу тақырыптары Telegram-дағы қатысушылар тобы арқылы жарияланып отырады. «Жасыл Рейнджер Клубына» кез келген адам қосыла алады — топқа қосылу сілтемесі профильдің шапкасында орналастырылған.

         

Жіберілімге жазылыңыз