2022 жылдың 14 маусымында Ботаника және фитоинтродукция институтында Бас Ботаникалық бақ базасында "Жас ғалымдар мектебі" жобасының алғашқы сабақтары өтті. Қазақстандағы АҚШ дипломатиялық миссиясы, Chevron компаниясы және Бас Ботаникалық бақ арасында әріптестікте құрылған Young Citizen Scientists жобасы шеңберінде Алматы қаласының мектептерінен, 36 оқушы ботаникалық ғылымды меңгеретін болады. Толығырақ…
Жоба қатысушыларына тұқым шаруашылығы және өсімдіктерді қорғау зертханасының, микология және алгология зертханасының, тропикалық және субтропикалық өсімдіктер зертханасының Ботаника және фитоинтродукция институтының ғылыми қызметкерлері дайындаған үш білім беру бағдарламасы ұсынылды.
Танысу кездесуінен кейін "Жас ғалымдар мектебінің" әрбір қатысушысы өз бағытын таңдап, кейіннен үш ай бойы өзі таңдаған зертхананың жұмысымен танысады және тек теориялық білім ғана емес, сонымен қатар практикалық дағдылар да алады. Біз осы жоба аясында мектеп оқушылары демалыстарын қызықты өткізетініне күмәніміз жоқ.
Нағыз ботаник ғалымдар рөлінде балалар өздерін тағы қайда сынап көре алады?! Олар өсімдіктер зиянкестері мен ауруларының қоздырғыштарының биологиялық ерекшеліктерін зерттейді, жәндіктер коллекциясын қалыптастырады, фенологиялық және интродукциялық журналдарды толтырады, өсімдіктердің көбеюін жүргізеді, тұқымдардың өміршеңдігін әртүрлі әдістермен анықтайды және оларды бірегей тұқым банкіне салуға дайындайды, ботаникалық бақта қарапайым келушілеріне кіру жабық болатын жабық коллекциялық учаскелерге барады. Бұл оқу кезінде жас ғалымдарды күтетін бағдарламаның аз ғана бөлігі.
Біздің ғылыми қызметкерлер ботаникаға ғашық болып, болашақ мансабын биология ғылымымен байланыстырып, ғалымдар қатарына қосылу үшін жоба қатысушыларын шабыттандырып, қызықтыра алады деп үміттенеміз.
Оларға сәттілік пен қызықты іс-шаралар тілейміз! Жобаны іске асыру барысы туралы біз өз парақшамызда кезең-кезеңімен айтамыз, жаңалықтарды қадағалап отырыңыз.