Бүгін 7 қыркүйекте Ботаника және фитоинтродукция институты мен Бас Ботаникалық бақтың 90 жылдығына арналған "Еуразияның өсімдік әлемін зерделеу, сақтау және ұтымды пайдалану" атты халықаралық ғылыми-практикалық конференцияның салтанатты ашылуы өтті.
7-9 қыркүйек аралығында өтетін конференцияға алыс және жақын шетелдердің 7 елінен ботаникалық қоғамдастықтың өкілдері, сондай-ақ Қазақстанның 13 қаласынан әріптестер қатысады. Біздің конференцияға қатысу үшін Алматыға 70-тен астам адам келді.
Конференция қатысушыларға құттықтау сөзімен Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының президенті Журинов М.Ж., Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің төрағасы Қылышбаев Н.Н., ғалым, б.ғ.д ,профессор, Қазақстан Республикасы Ұлттық Ғылым академиясының академигі Рахымбаев И.Р., және Беларусь Ұлттық ғылым академиясының Орталық ботаникалық бағының академигі Решетников В.Н., Л.И.Гумилева атындағы Еуразия ұлттық университетінің профессоры Абиев С.А., микробиология және вирусология институтының бас директоры, б.ғ.д., профессор, академик Саданов А.Қ. сөйледі.
Сондай-ақ, конференция қонақтарын Ботаника және фитоинтродукция институтының бас директоры, ҚазҰЖҒА академигі, б.ғ.д Г.Т. Ситпаева қарсы алып, Ботаника және фитоинтродукция институтының жетістіктері мен даму перспективалары туралы айтып берді. Баяндамадан кейін институттың қалыптасу тарихы туралы бейнеролик көрсетілді, ол 90 жылдық мерейтойына арнайы түсірілді.
Ботаника және фитоинтродукция институты осы жылдар ішінде алыс және жақын шетелдердің ғылыми-зерттеу орталықтарымен халықаралық ынтымақтастықта үлкен тәжірибе жинақтады. Институт Ресеймен, Беларусьпен, Өзбекстанмен, Қырғызстанмен, Франциямен, Германиямен, Венгриямен, Түркиямен, АҚШ-пен, Қытаймен, Кореямен белсенді ғылыми байланыстарды қолдайды. Конференцияның бірінші күні аясында Н.В.Цицин атындағы Бас ботаникалық бағының директоры Упелниек В.П баяндама жасады (Мәскеу қ., Ресей).
90 жылдық мерейтой жылы біз ғылыми қызметкерлеріміздің, ардагерлер мен серіктестеріміздің еңбегін тойламай тұра алмадық. Институттың ардагерлері мен қызметкерлері мерейтойлық медальдармен және грамоталармен марапатталды, ал құрметті қонақтар мен серіктестерге "Ботаника және фитоинтродукция институтын дамытуға қосқан үлесі үшін" және "Жемісті ынтымақтастығы үшін" кубоктар табыс етілді. Сахнадан әлемнің түкпір-түкпірінен әріптестеріміз бен серіктестерімізден көптеген құттықтаулар естілді!
Сонымен қатар конференцияның ашылуында молекулярлық генетика зертханасының меңгерушісі, б.ғ.к., профессор Е.К. Туруспеков (ҚР МНВО ҒК Өсімдіктердің биологиясы және Биотехнологиясы институты, Алматы қ.), International Centre of Scientific Collaborations жеке мекемесінің президенті, Дүниежүзілік Ғылыми сауаттылық ұйымының дайындық комитетінің мүшесі (WOSL), ғылыми білім беру кеңесінің мүшесі (IAP SEP), PhD-доктор Кусаинова Л.А. (Нұр-сұлтан қ.) өз ғылыми баяндамаларын ұсынды.
Бізді конференцияның тағы екі қызықты күні күтіп тұр. Барлық қатысушыларға жемісті жұмыс тілейміз!